Өмірім сенен ғана бақ тапты шын,
Жанымды, жырымды ұғып, жаттап түсін.
Шашбаулы шап-шақ мүсін,
Нәп-нәзік аппақ құсым.
Сен неге тәп-тәттісің, тәп-тәттісің.
Қараған көзің қандай пәк еді шын,
Сөзіңе жүрек от боп, жан ерісін.
Жаралған әлем үшін,
Қай жанның әлегісің?!
Сен неткен әдемісің, әдемісің!
Бөленіп тұрған кезде арайға ендің,
Мен сені бақытыма балай бердім.
Қасыңа таяй бердім,
Жүзіңнен арай көрдім.
Мен саған қарай бердім...
Сезімім қалар мәңгі сақтап күшін,
Ақ гүлі махаббаттың бақ тапты шын.
Шашбаулы шап-шақ мүсін,
Нәп-нәзік аппақ құсым.
Сен неге тәп-тәттісің, тәп-тәттісің?!
Aposh sarbaz* еще тексты
Видео
-
Апош Тап таттисин
1. ▽ Report spam or abuse. Bahbergen Manarbek 1 year ago. Aposh jahs an aythan eken. Read ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2