Nasr Қара жорға билеп, шық қане біреуің, Көрсет елге буынның бөлуін. Білуі керек, өзге жұрт тамсануда, Осылайша бойға қан тарқалуда. Ескі, жаңа - бұл бір мектеп, Тек ырғақты әуенмен дірдектеп. Біріккен туынды шайқайды жұртты, Шық жекпе-жек жорға биде ептеп Өнерге бейімді алты алаш ел, Желкенді жел тербегеніндей тербел Рухани астығым, кемелді дәстүрім Адаспа дәл бүгін, өзгеге бас бүгіп, Ал қане жастар кел билейік, Жүрекке тек хақ толқынын берейік, Алаштың биі әзірше міне осы, Қолда бардың сиқырын білейік !