Өте шығар дүние-ай, қас-қағымда, ай-хой,
Ойнап-күлген жарасар, жас шағыңда, ой, дүние-ай.
Кісі жары кісіге-ей, жар болмайды, ай-хой,
Балапандай бауырына басқан менен, ой, дүние-ай.
Жалған-ай, жалған-ай,
Жанбай, өшкен арман-ай.
Жарға лайық қалқаның,
Жанды әуреге салғаны-ай.
Әттең-ой, әттең-ой,
Дүние неткен тәтті ең-ай!
Жарасқаны қинайды-ой,
Дәм-тұзының жатпен-ай.
Біреулер мәз, аспандағы Айды алғанға, ай-хоу,
Айналғанға біреу мәз, Пайғамбарға, ой, дүние-ай.
Судан таза, сүттен ақ,
Кім бар дейсің ай-хой?
Бұл дүниеде кіршіксіз,
Сәби ғана, ой, дүние-ай.
Жалған-ай, жалған-ай,
Жанбай өшкен арман-ай.
Жарға лайық қалқаның,
Жанды әуреге салғаны-ай.
Әттең-ой, әттең-ой,
Дүние неткен тәтті ең-ай.
Жарасқаны қинайды-ой,
Дәм-тұзының жатпен-ай. (2х)
Asemkhan еще тексты
Оценка текста
Как вам текст?
1 out of 5
2 out of 5
3 out of 5
4 out of 5
5 out of 5
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1