1.Есіңде ме жаным, есіңде білемін Менің қолыма гүл ұстап, жалғыз өзіңе келгенім "Сені сүйемін" дедім, үндемей күлімдедің Сосын "сенемін" дедің, "мен де сүйемін" дедің Бақытқа бауырланып сөйлемедім, тіл қатпадым Бірақ сен ренжімедің жай ғана кеп кұшақтадың Құлағыма "сені сүйемін мен" деп сыбырладың Бірақ неге сол кезде сезім жалғанын айтпадың? Мен де байқамадым, сені аяладым Барынша бақыт сыйладым, бірақ сен аямадың Сен түсіне алмадың сезімнің маңызын Екеуміз жазып кеттік қоштасудың аңызын Бақытты болдым бесігінде махаббаттың Бірақ мен сезбедім жағаның ақиқаттың Жүректі неге саттың, жылуы сезілмеді Сезімім өлсе де, үмітім үзілмеді...
Қ-сы: Еске алып қазбаласам жүректегі ақпаратты Тауып алдым сенің есімің жазылған ақ парақты Қолда ұстадым, бірақ та өртей алмадым Неге алдадың, неге жүректі жараладың?
2.Қиналды жүрек, шынжырмен байланған Сезімі бар болса, оны айта алмаған Ішінде сақтаған, жүректі қинаған Бақытты махаббат мен үшін жалған арман Есімде менің, бақытты болған едік Айтшы маған дұрыс емес не істедік? Түсіне алмадым неліктен бұлай болғанын Қалайша сендей пенде жүректі жаралады? Жауабын таба алмадым, бітірдік мектепті Сен өз жолыңмен, мен өз жолыммен кеттім Сенің нұрлы жүзіңді жаным ұмытуға болмайды Бірақ білемін шын ғашықтар еш қосылмайды... Бәрі де бітті екеуміз тіпті сөйлеспейміз Бірақ неге бір-бірімізді іздейміз Ай мен күн дейміз кезектесіп алмасатын Қанша тырыссақ та мүмкіндік жоқ қосылатын
Қ-сы: Еске алып қазбаласам жүректегі ақпаратты Тауып алдым сенің есімің жазылған ақ парақты Қолда ұстадым, бірақ та өртей алмадым Неге алдадың, неге жүректі жараладың?
Жүрекке бұйрық жүрмейді оны бәрі біледі Неге мені сүймейді, әлде мүмкін сүйеді? Кім біледі мүмкін бір күнінде өмірдің Қайта қосылармыз деген үмітпен жүрдім Бәрі де бітті, арада біраз жыл өтті Сөндірдім жүректе лаулап жатқан өртті Сені сүйген жүректі қамаудан босатамын Осы әуенмен жаным мен өзіңмен қоштасамын!