Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ASKAR ZHUNISBEKOV - HAT ZHAZYP TUR | Текст песни

Екеуміз бірге өткізген күннің бәрі аңыз
Уақытқа бағынып бір-ақ барамыз
Андасанда алған хаттар арқылы
Ажырамай тұр әзірге арамыз
Ұлы Емші, уақытқа сот бар ма
Саябырлап келе жатыр хаттар да
Хат жазып тұр, жаураған жүрек жылынсын
Әр сөзіңнен шашыраған оттарға

Хат жазып тұр басқа ойды жатсына
Қайталап оқып қалайын бір шаттана
Хат жазып тұр, хат жазып тұр
Сағынышыңды сиғызып
Хат жазып тұр, хат жазып тұр
Қашықтықты жеңеді тек хат қана

Алаңдаумен күндер өтті, өтті апта
Ал өзіңнен хабар да жоқ, жоқ хат та
Аңсағанда азық болсын жаныма
Алданышым хаттарыңды тоқтатпа
Хаттарыңның қанаттары талмасын
Көк аспанды көктей самғасын
Сағынысқан жүректердің елшісі
Салқындатпай арамызды жалғасын

Хат жазып тұр басқа ойды жатсына
Қайталап оқып қалайын бір шаттана
Хат жазып тұр, хат жазып тұр
Сағынышыңды сиғызып
Хат жазып тұр, хат жазып тұр
Қашықтықты жеңеді тек хат қана

Другие названия этого текста
  • ASKAR ZHUNISBEKOV - HAT ZHAZYP TUR (1)
  • Аскар Жунисбеков - Хат жазып тур (1)
  • Асқар Жүнісбеков - Хат жазып тұр (0)
  • Аскар Жунусбеков - Хат жазып тур (0)
  • Данияр Бакытжанулы - Хат жазып тур (0)
  • Асқар Жүнісбек - Хат жазып тұр (0)
  • Асқар Жүнісбеков - Хат Жазып Тұр (минус) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-