Әрқашан ең қымбатты, әрі ең ардақты Түнделетіп келгенде, ұйықтамай уайымдадың Мұңаймашы мама, мен сені жылатпаймын Үкілеген үмітіңді, еш қашан құлатпаймын
Өмірімнің барлығын, сізге арнадым мама Әрқашан айтатын сөзін, аман жүрші балам Мама кешірші, бұл сөзді көп айтпаймын Мен сізді шын сүйемін, ешқшан жылтпаймын
Көздеріңдегі мейірімді, ешкімнен көрмедім Қаншама ренжітсемде, сен маған ренжімедін Тек қана күлімдедін, бар мұңынды жасырып Мен сізді шын сүйемін, жалғыз менің асылым
Білемін уайымдайсын балаңды, уайымдама Әлемде ешкімде жоқ, сүйікті, жалғыз анам Жыламағын, қуанышыма әліде күлесін Мейірімге толы, сенің алтын жүрегін