Маған қарама мені уайымдап, Бір болу мүмкін емес, мойында. Тағдырға риза бол, Жаратқанды риза қыл.
Есіме саласың бәрін бір қарасаң, Жымиғаның төмен қарап жұлдызбен таласар.
Қ-сы: (х2) Тек қана мұңайма, Жүрегіңе оңай ма? Мені сенің жүрегің әлі сұрай ма?
Мен үшін жасаған сыйлықтарың да шынайы, Шын ниетің жүрегімнің келтіреді шырайын. Ия, мойындаймын, ренжітем – кешірім сұраймын, Сенің қолдарың керек, биікке бірге шығайық. Ия, айтылмады бұл сөздер осынша уақыт, Күтіп отқан секілді содан бері бізді бақыт. Демейм «Түймеңді ағыт», жай ғана жақын кел, Қолымнан ұста, болашақ, бәлкім, жақын жер.
Қ-сы: (х2) Тек қана мұңайма, Жүрегіңе оңай ма? Мені сенің жүрегің әлі сұрай ма?
Сен мен үшін бәрін тастадың, Ал мен бәрі үшін сені тастадым. Кінәлімін... Кінәлімін... Сен мен үшін бәрін жасадың, Сенің мен үшін шықты жастарың. Кінәлімін... Бәріне кінәла мені, Айыпты – менмін, күнім.