Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Aslan x Beklan x Qarakesek - Сұраймын аспаннан [KZ Sound] | Текст песни

Жасалды көп қателік, бойдақтық себепші,
Мен айтамын тек шындықты, қалған бәрі өсекші.
Өтті көптеген айлар қиын, шынында, сенсіз,
Бір айтарым – бақытты бол да, ұмытып кетші.
Қолда бар алтынның қадірін білмедім, расында,
Солай жүрер ма едім сол жағдай түспесе басыма?
ескі нөмерің сөнік, хабарласпадым сезім жырымен,
Жай жағдайыңды біліп, құттықтағым келген Жаңа жылыңмен.

Кешірші, сен бақытты бол,
Өткеннің бәрін тастап маған.
Неліктен, сүйіктім сол,
Екеуміз бірге жаралмағанбыз?
Не қалды, құрбан болды бәрі,
Біз құрған тола сезімнен.
Дымға да тұрмайды, жыламашы,
Сенен аққан, сенен аққан бір тамшы жас көзіңнен.

Қ-сы:
Сенің көзіңе қарап тұрмын,
Жас тамшылауда мұңға батқан.
Тілім бұралмайды жұбатуға,
Дақ қалған жүрегіңе жағылған.
Көздерің қарауда суық,
Сезілмеді сенен жылы сезім.
Сезім бар, тек реніштің сен де,
Сен үшін мен айыптымын.

Алыстағанымыз жақсы ма екеумізге,
Кімнің сөзіне ересің, қазір көбі екі жүзділер.
Жаныңда болғым келеді, бәлкім сағындым,
Сені ойладым тағы да, сезілді тағы сағыныш.
Суреттеріңе қарауды тағы бастадым,
Сенен сезген жылуды сезіне алмадым басқадан.
Менде жол жоқ шығар қате баспаған,
Сол үшін тура жолды сұраймын Аспаннан.
Ылғи да қадам бассам, қадамым ылғи алдайды,
Әлі келемін сенсіз, басымның бағы жанбай.
Жалғаса беретін болса, жүректің дымы қалмайды,
Шаршаймын сені ойласам, қалғандай ұйқы қанбай.
Сезесің бе сен мені, сезуге тырыстың ба,
Сен жайлы мұң бар менен шыққан тыныстарда.
Сен жайлы күн-түн бар менің өмірімде,
Сенің дауысыңды таппадым мен теретін нөмірлерде.
Алло?..

Қ-сы:
Сенің көзіңе қарап тұрмын,
Жас тамшылауда мұңға батқан.
Тілім бұралмайды жұбатуға,
Дақ қалған жүрегіңе жағылған.
Көздерің қарауда суық,
Сезілмеді сенен жылы сезім.
Сезім бар, тек реніштің сен де,
Сен үшін мен айыптымын.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4
Видео
Нет видео
-