Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Aspect(MusLim, Nolsn) - Қоңыр күзде[2014][Sinima beats][Progress records] | Текст песни

ҚОҢЫР КҮЗДЕ
Са-сап-салқын жел соғып келді қоңыр күз,
Жаным көңілсіз.
[MusLim]
Есімде сол бір шақ күзінде жауған бұршақ,
Пана қылар құшақты жаюға болмай мұршам.
Қабағымды мұң шалып міне қоңыр күзде жетті жаныма,
Бәсеңдетіп қаланың шаңын да.
Құстар кетті ұшып жылы жаққа топ-тобымен,
Біз қалдық аялдап тоқтаумен.
Сыбдыр қағып сол мезетте жақын келген ең сен қасыма,
Кеудеге сүйеп басыңды.
Жымисаң езіп жібересің жанымды жаңбырдан кейінгі сары саз батпақтай,
Ұщқындаған жанарыңа қарап қалушы ем орын таппай, жаппай сүйіп баптай, сыр сақтай.
Асылым, ғашығым ұзадың асығып,
Жансырым ашылған бір саған жасымай.
Жарасқан еді жұптарымыз мәңгі ажырамастай,
Өз сөзіңді жоғары қойдың, айтшы «Рас» қой?!
Жүрекке әмір жүрмесе жүрмесін, жаңадан бәрін бастаймын...
Қ-сы:
Салқын жел соға жетті қоңыр күз,
Жаным солай көңілсіз.
Жастық шақтарым да өтті баяу үнсіз.
Бірақ бүгінгі күн мен үшін мінсіз.
[Nolsn]
Санаулы күндер өте бойжеткен қасымда,
Сезімді жасыра алмадым расында.
Әсем дауысы а баурады жанымды,
Бір көргеннен өзіңнен көзімді ала алмадым.
Өзіңе арнадым мына жастық ғұмырымды,
Сырға салып, құда түсіп үйіме кіргіздім.
Тоғыз ай тоғыз күнде сәбиді сүйдірдің.
Бас көз болар ер бала, тәтті құлынымды.
Ерке қыз да нәсіп, сүйіктісі әкесінің,
Құдайым беріпті көздерін шешесінің.
Маңыздысы арыңа берік бол еркем,
Ал ұлым адал досым ұрпақ қалдырсаң екен.
Көз алдымда ер жетті екі құлыншағым,
Бұл шексіз бақытты армандағам сонша күн.
Үміттендім, жүзеге асты, қолымда бар бар байлығым.

Қ-сы:
Салқын жел соға жетті қоңыр күз,
Жаным солай көңілсіз.
Жастық шақтарым да өтті баяу үнсіз.
Бірақ бүгінгі күн мен үшін мінсіз.
***
Сезім гүліне үңіле неге қарадым екен?!
Енді өмірден түңілуге айтшы болады ма екен?
Неге бір дегенде ұмыту бәрін қиын екен?
Қоңыр күздің тоңдырған кезінде де белім менің бекем.
Қ-сы:
Салқын жел соға жетті қоңыр күз,
Жаным солай көңілсіз.
Жастық шақтарым да өтті баяу үнсіз.
Бірақ бүгінгі күн мен үшін мінсіз.


Другие названия этого текста
  • Aspect(MusLim, Nolsn) - Қоңыр күзде[2014][Sinima beats][Progress records] (0)
  • Aspect(MusLim, Nolsn) - Қоңыр күзде[2014] (0)
  • Aspect(MusLim, Nolsn) - Қоңыр күзде[2014][Sinima beats][Progress records] (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-