ТАУ СЕЗІМ Бұл сезім патшасы. Көңіл - мас, жүрек - соқыр... а [Zeba] Қайда сол бір махаббат шатыққа бөлейтін, жанса сөнбейтін, Мың жыл өтседағы еш өлмейтін, Сүйгеніңнен басқа аруларды елемейтін Қайда сол бір сезім Жас жүрегім жырлайтын міне кезің, жаным енді сезін! Қайда сол бір махаббат ешбір қартаймайтын, «Сүйем» - деген сөзіңді ұялғаннан айта алмайтын? Жаным жүр ғой менің көңілім толмай, Неге төсек қатынасы бұл заманда оп-оңай а? Неге-неге Мұқағали тебіренген, Бәлкім Шәмші түсінер жүрегімді еңіреген?! Қайда жаным сенің арың, болашақ біреудің жары, Сақтасаңшы байлығыңды қышынса да а... Сабыр-сабыр тарт аттың басын, Өлшей алмассың мөлшерін көздің жасын! Әдемілікті қор қылдық алдаймен, арбаумен, Неге сезімдердің патшасы айналды күлегешке? Қ-сы: Құлай сүю сезім жолында жаным құрбан, жаным құрбан, Қыздың мінезіне көзін жетпей көңіл берме, Лапылдақ көрсе қыздар нәпсіге ерме! Ол кеудедегі өрт қой лапылдап жанып тұрған, жанып тұрған. Сүю бөлек, ал жарасу ол мүлде бөлек, Көңіл – жүйрік, асау – жүрек. [MusLim] Жайма шуақ күнім менің көрінген көгімдегі, Нұрын шашып маған жылытып төгілгені. Сезгендей көңілдегі жалғыздық дертін тегі, Арманым өмірдегі келмейді тектен-тегі. Қиялымда сен - ибалы иманды, инабатты, Көрiктi жаны, тәнi таза, адал жар иланатын. Қарапайым қазақтың қаракөз қызы ар-уятты, Ақылы, парасаты жанға беретiн ғибратты. Мiнезi қиын қатты, қажетi жок тым қыңыр, Оңды-солды елдi өсектеп, бұзатын шырқымын. Қалауым шың қырындағы дара ару, Жалғыздықта дертiме шипа әр iсi дәру. Жарық сәулем жүзі арайлы таңдай, Мөлдіреп тұрған қоңыр көздері қандай. Сымбатты дидары жаңа толған айдай, Шиедей еріндері тәп-тәтті балдай. Қ-сы: [Nolsn] Жарты жыл да өтіп кетті екеуміз кездескелі, Кеудемдегі мүшем сені қалағанын сезбеп едім. Сезім еді себепсіз сағындырған өзіңді, Өңімде көрсем деп жүзіңді, ұмытып төзімді. Өңешімді жұлқылып еріксіз айттым есіміңді, Еркетайым есіле естілді. Ессіз елеңдедім естігім кеп дауысыңды, Дара қайталанбас мінезің маған жағымсыды. Жалғанда жетімдей жалғыз болып едім жолаушы, Серігімсің зерікпес, қиын сәтте жұбатушым. Жарық берген сәулемсің өмірімдегі қараңғы, Өтінемін тек сөнбеші шамшырағым! Шарықтап көкке өрлеймін «Сүйем» - деген сөзіңнен, Нәр аламын қарап көздеріңе күлімсіреген. Күнімсің жылу шашқан, жылы лебіз жүзіңнен, Жүрегімді елжіретші "Сүйем" деген сөзіңмен Қ-сы: