Күтемін тек қана, жарқын бояулы күндерді Білемін кейде тағдыр, жіберді мені түнертіп Тосын сыйы бітпейді, болса да қатал тағдыр Бастысы алтын әріппен атыңды тарихта қалдыр Шегінбе ешқашан, соққы жаса тағдырыңа Сенімді бол өзіңе, ұмтыл тек қана алға Бүгін ол жеңіске жетсе, ертең сенің кезегің Тарихтың төрінде қалам, оны іштей сеземін Бастан өтеді бәрі, неше түрлі ауыр сынақ Жауынгермін шегінбейтін, тұрса да жаны қансырап Қойылған мақсатыма, жетемін тоқтамаймын Тағдыр қанша түнерсе де, жеңетінім айқын Тосын сыйына тағдырдың, қорықпай қарай аламын Ақ парақ қалқан болса, өткір семсер қаламым Бәрі әлі алда, шегіну ойымда емес Тағдырың бағынба, саған қысқаша кеңес