Сылдырлап аққан судай уақыттың тоқтамауы, Қызық екен сағат сайын сәттердің таусылмауы. Бес жылым да, мінеки, болды естелік, Ей,шіркін!Өкінбеймін күндеріме лицейлік... Бірінші қыркүйек...2008... Табалдырығын лицейдің аттадық қой біз. Осыдан бастап өмірімізде Басталды ғой үлкен өзгеріс. Жаңа әлем, жылы орта, қош келдің! Білімнің қайнар көзі лицейдегі мұғалім, Тәрбиеге бастар абилерің – Бәрі де сенуде, үзбей үмітін. Ақта үмітін, ел сенімін, Сен енді елдің келешегісің. Қанатыңды жайып жоғары ұш, Себебі сен лицей түлегісің...
Қайырмасы: Ооо, лицейім! Бес жыл бойы сенімен болдым. Енді, міне, кетемін, Бірақ жүректе қалар сезім.
Әрбір күні қастерлі, берекелі, қадірлі, Бұлар менің алтыным еске түсірер лицейді. Пикник күндері, Футбол түндері, Абилердің айтқан бізге өсиеттері. Ағалар таптым мен лицейде, Қиындықта маған қол берер. Інілерім көбейді менің енді, Ақыл сұрап кеңесер. Бес жыл бойы нығайған, Достығымыз шыңдалар. Қуанышта, қайғыда Басымыз бір жиналар. Кетсек те лицейден Алысқа, жан-жаққа, ұмтылмас бір зат бар Ешқашан ...