1. Желбіресе тұлымың, мен сенің ұлыңмын Заңғар, биік, асқар тауым сен шыңның Мәңгілік мекенің көк аспанда бүгін Әкешім есіме алып отырмын бүгін Сағыныш елжіретіп тастады жүректі Әке орның бөлек екен жоқтығың білінді Жоқтығың биік тұрар мәңгілік өшпес Мен барда сені ешкім ұмытып кетпес Айтылмаған сырлар жатыр жүрек түбінде Білмеймін не үшін кіріп жүрсің түсіме Бәйтерексің түбі терең сарқылмас бақ Дариядай тасқын едің таусылмас бұлақ Іле шала естідім өмірден кеткеніңді Білмеймін баламынба көзіме жас келмеді Себебі сене алмадым кеткеніңді шын өмірден Тағдырдың қаталдығын сезіп білдім есейгенде Естілді маған үнің "Ешқашан берілме" Ірге тасын қаладың ендігі үміт менде Сенімді жүктеп алдым өзімнің жүрегіме Үмітті ақтау үшін тырысамын мен өлгенше Аз болса да көптей көрем берген жылуыңды Үйретіп кеткен әрбір жақсы қадамыңды Жатқан жерің жайлы болсын Әкетайым менің Жалғастырар ізіңді артыңнан мен келемін
ҰРАН БОЛСЫН АҚ ТІЛЕГІҢ БОЙ ТҮЗЕРІМ ӨЗІҢСІҢ КУӘСІ БАЛА ШАҒЫМНЫҢ ҚАЙЫСПАЙТЫН ҰЛЫСЫҢ ЖІГІТТІКТІҢ ҚАЙСАРЛЫҒЫН КӨРСЕТКЕН ТАРЛАНЫМ ЖАН ӘКЕШІМ БҰЛ СЕНІҢ БАПТАҒАН ТҰЛПАРЫҢ
2. Көздері елжіреген талай досымды көрдім Қабырғасы қайысқан қаншама жанды көрдім Ерте жасымыздан жетім болып қалатындай Не жазып едік саған қатал тағдыр ай Күн түнмен алмасып жатыр ымырт басып Уақыт өтіп жатыр айлар жылдарға ұласып Тірі кезде қадірін білмейді екен адамдар Әкесі тірі жандар мұны біліп қойыңдар Сақтасын безбүйректен от баспағың байқа Жол нұсқамыз адаспасын, Өмір ақ пен қара Себепшісі болма жетім өмірге келуін Салқының тимесін кемел өтсін өмірің Дара қыран болған көктен бізді бақылайтын Белгісіндей құдыреттің қартайғанша сынайтын Тірек болып табылатын қиналсаң қасыңнан Жан әкелер аман болсын қамқоршы панаң Кеше ғана бозбала болсаң, бүгінде әкесің Қол жайып бата сұраса ризығын берерсің Артыңнан мал қалдырғанша тал егіп кетерсің Тағы бір он жылда сенде қартайып бітерсің