Қараңғы түнімді, жарық
Қылған айсыңба сен?!
Жұлдыздай жарқыраған,
Жалғыз сәулесіңба сен?!
Бұзылғалы қанша,
Кеудемдегі тыныштық!
Сол бір көз қарастың,
Өзінде жатыр құпия.
Қол жетпейтіндей.
Сүйгенім алыста.
Үмітім үзілмейді,
Жетермін бір сағанда.
Сағындым сені, мұңаймашы сен!
Көздеріңнен ақтыма, тамшылар?!
Қайырмасы:
Мөлдіреп, мөлдіреп,
Үзілердей тұр тамшы жас!
Сағыныштан сарғайған,
Көздеріңде бір мұң бар.
Ерік берме көз жасыңа,
Ораламын мен әлі...
Күз келседе жүрегіңе,
Көктем бар әлі!
Көзіңнен мұң кетпейтіндей,
Суықсың әлі, суық түндей...
Тым жақын болсаңда маған,
Алыстап кеттіңба?! Білмейм.
Тұнжырағандай жарық сәулең,
Назды көрінді, көзің сенің...
Тамшысы болған мөлдір судың,
Нөсерлеп әкетті бұл жауын...
Қойшы бәрін, басынан бастайық,
Мұның бәрін ұмытып та тастайық.
Өткеннің парақтарын жылы жауып,
Жаңа қадамдармен біз бастайық.
Мен сені сүйемін ең бастысы,
Айлар салып келіп тұрсамда.
Адастым өмірдің сан жолында
Мен іздегендей бақыт болмады!
Қайырмасы:
Мөлдіреп, мөлдіреп,
Үзілердей тұр тамшы жас!
Сағыныштан сарғайған,
Көздеріңде бір мұң бар.
Ерік берме көз жасыңа,
Ораламын мен әлі...
Күз келседе жүрегіңе,
Көктем бар әлі!
Aппак еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1