Екеуміз бірге өткізген күннің бәрі аңыз Уақытқа бағынып бір-ақ барамыз, Андасанда алған хаттар арқылы Ажырамай тұр әзірге арамыз. Ұлы Емші, уақытқа сот бар ма, Саябырлап келе жатыр хаттар да Хат жазып тұр, жаураған жүрек жылынсын Әр сөзіңнен шашыраған оттарға
Хат жазып тұр басқа ойды жатсына Қайталап оқып қалайын бір шаттана, Хат жазып тұр, хат жазып тұр, Сағынышыңды сиғызып. Хат жазып тұр, хат жазып тұр, Қашықтықты жеңеді тек хат қана.
Алаңдаумен күндер өтті, өтті апта, Ал өзіңнен хабар да жоқ, жоқ хат та, Аңсағанда азық болсын жаныма, Алданышым хаттарыңды тоқтатпа. Хаттарыңның қанаттары талмасын, Көк аспанды көктей өтіп самғасын, Сағынысқан жүректердің елшісі Салқындатпай арамызды жалғасын.
Хат жазып тұр басқа ойды жатсына Қайталап оқып қалайын бір шаттана, Хат жазып тұр, хат жазып тұр, Сағынышыңды сиғызып. Хат жазып тұр, хат жазып тұр, Қашықтықты жеңеді тек хат қана.