Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi feat Ice Blue - Келеді кездескім | Текст песни


Кеудеде бір арман бар, “өмір” атты жалған бар,
Бағытталған өзіңе шегінуде қадамдар.
Ұмыту оңай болса, мен өзіңді ұмытайын,
Куәгер жүрегімді, айтшы, қалай алдаймын?
Кейде қасымдасың, кейде өте алыстасың,
Кешіресің, сондықтан да саған бара алмаймын.
Мүмкін емес, мүмкін, мүмкін, елес, бәлкім,
Біз үшін шешті ғой құрбы-құрдас, дос, әркім.
Кішкене жұмыр жер екеумізге тар болды ма,
Жанжалдың нәтижесі – ұмыттым оңды, солды да.
Қысқа жолды да, тар жолдан тайғақ кешу,
Мақсат емес қой соғып тұрған жүректі тесу.
Есіңде болсын, мендей сені ешкім сүйе алмайды,
Арман, қиял – шексіз, өткен күндер оралмайды.
Соңғы рет сұранарым – ұстатсаңшы қолыңнан,
Көп уақыт қажет емес, қалдырмаймын жолыңнан.

Қ-сы:
Сарғайған күздей үмітімді үзбей,
Сағымдар арасынан келемін ғой іздей.
Келесің, келмессің, мүмкіндік бермессің,
Ұмытылып кетсең мен келеді кездескім.
Сарғайған күздей үмітімді үзбей,
Сағымдар арасынан келемін ғой іздей.
Келмессің, келесің, бермессің мүмкіндік,
Келеді кездескім, расында, бұл – шындық.

Өмірім өтті сенсіз уақытты есептеумен,
Қанша уақыт жоғалттым өмірде көздеген.
Көрмегем сен секілді ару қызды,
Көркіңнен көз алмай, сезіміңе мен тоймай.
Соңына дейін қалмай, сені еш ұмытпай,
Неліктен айырды тағдыр бізді?
Өткенді еске алып қараймын суретіңе,
Не себеп, түсінбедім, алдандым келбетіңе?
Жетпейді ме саған деген қаражатым,
Теспейді ме көкейіңді бұл ән-хатым.


BaGi feat Ice Blue еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1