Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi [Original] - Мен саған лайықты емеспін (REMIX) [Original] | Текст песни

Құбылмалы ауа-райы, бұзады көңіл күйді,
Қолға қалам алсам көңілім жиі толқиды.
Қайдағы жоқ сәттер түсіп кетеді есіме,
Тыныштық бермей маған кіріп жүрсің түсіме!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Мен саған лайықты емеспін!
Мен жоқпын енді елеспін!
Болды, ұмыт қайта айналып келмеспін!
Жүрегімді саған бермеспін!

Менде жүрек жоқ, ол сенің қолыңда,
Құрбан еттім жүрегімде сезім жолында.
Сен мені нестедің, сен мені алдадың!
Менің сезімімді тармақтарға талдадың!
Қорытынды шешімім, біз бірге бола алмаймыз,
Біз бірге болмақ түгіл, дос болып қала алмаймыз.
Көре алмаймын сені дос ретінде,
Не деген қалың маска сенің бетіңде!
Жылыма енді өтірік жас төгіп,
Өкініш өртеп, барады ма сөгіп,
Қандай өкініш, сен өкінуді мүлдем білмейсін,
Менің жүрегім жаралы сен оны түсінбейсін.
Түсінбейсің кандай қиын маған
Жүрегіңе жеткізу үшін қандай сөз керек саған,
Айтшы маған!
Мұның бәрі кімге керек,
Әрине үнсіздік оның орны өте бөлек!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Мен саған лайықты емеспін!
Мен жоқпын енді елеспін!
Болды, ұмыт қайта айналып келмеспін!
Жүрегімді саған бермеспін!

Орны бөлек жан едің сен мен үшін
Бұл жағдайдың бәрі кім үшін және не үшін
Сен мені дұрыс түсін, мен ондайға шыдымаймын
Сенің бұл қылықтарыңды дұрыс деп санамаймын!
Бара бер, бар сен боссың енді
Әлгі жігітің сенің досың енді!
Бақытты бол, мені жылатқан ару
Сұлулық сенің ең бірінші қаруың!
Лирика және тек қана лирика!
Менің өмірім мәнсіз тек қана нимика
Ақпарат, қалам менің жақын сырласым,
Рэп, лирика менің жақын жолдасым!
Махаббаттан басқа не бердім саған құрдасым,
Шын сүйген жан сүйгеніне басқа не сыйласын!
Жаралы жүректің жаралы осы әні
Сенің ақыл есіңнен мүлдем шықпасын!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Мен саған лайықты емеспін!
Мен жоқпын енді елеспін!
Болды, ұмыт қайта айналып келмеспін!
Жүрегімді саған бермеспін!

Мен сені сүйемін, сүйгенім үшін күйемін,
Кей-кезде ауырады сені ойласам жүрегім
Ешкіммен сырласпаймын, сырымды ішке үйемін
Айналама білдірмей, күлген жандайға күлемін!
Мазалайсың мені, мазалайсың күнде,
Жүресің жағаласып түнде менің түсімде.
Көбіне еске аламын өткенді күрсіне,
Бірақ өкінбеймін жасаған әрбір ісіме!
Жаңбыр жауады себелеп, жуып жүрек жарасын,
Біршама уақыт болды бөлгелі жүрек арасын.
Сондада мен үшін жалғыз ерекше дарасың!
Бізді сөз еткендер дұрыс жағынан қарасын!
Мен сенімен болғым келеді бірақ бола алмаймын.
Сені ұмыту үшін өз-өзімді алдаймын
Сағынғаным болмаса жалпы жақсы жағдайым!
Мені ұмыт, сенің BaGi-ің әрдайым!!!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Мен саған лайықты емеспін!
Мен жоқпын енді елеспін!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Популярное сейчас
Видео
  • Антон Самойлов - Суйем сени гана! Антон Самойлов - Суйем сени гана!
    неткен тамаша ән! жатқан жерің жайлы болсын, топырағың торқа болсын! Сене алар емеспін, шынымды айтсам. Read more Show less.