Сенен ажырағалы түр-түрлі таңым атты, Айтқандай, мойындаймын, жүрегіме қатты батты. Көздерім жылап менің, жүрегім қанға толды, Ұмыту үшін өзіңді қолдандым түрлі жолды. Сүюді ұмыттым сенен басқа өзгелерді, Сонда да артымнан “жүргіш” деген сөз келеді. Байқаймын өзгелерді бір-бірін бағалаған, Кеште де саябақтың жағаларын жағалаған. Мен жүрмін аралаған қаланың әрбірін, Келесі концерт, сахналы қойылым. Өтуде өмірім тыңдарман назарында, Жүректе – мұң, көзде – күлкі, алдамшы жарым да. Оның ар жағында – менің шынайы өмірім, Тек қана сені ойлап, тек сенде көңілім. Көбіне – арманмын, ал сен – мен үшін арман, Көше тарасында махаббат деген жалған.
Қ-сы: (х2) Мұның бәрін жасадың көздерім жыласын деп, Көздерім жыласын деп, көздерім жыласын деп. Сүріндірдің сен мені арманым құласын деп, Арманым құласын деп, арманым құласын деп.
Көзімді жұмсам, сенесің бе, сен келесің, Құдайдың құтты күні түстеріме сен енесің. Жаным, қашан келесің түсім емес, өңімде, Келесі таңым атты, жұлдыз да жай сөнуде. Сөнуде кеудемдегі махаббаттың ұшқыны, Мәңгілік тасқа айналар жүрегім де бір күні. Немесе бір түні ұмытармын өзіңді, Сонда да маған арман көріп қалу жүзіңді. Үміттер үзілді, қойылды соңғы нүкте, Махаббат фильмі, өтінемін, лезде бітпе. Бітсең де, аяқталшы бақытты сәттермен, Менің жалғыз сұранысым, сенен өтінем. Расында, қаламаймын қалғанымды сөзге мен, Өтінемін, көрінбеші көз алдымда өзгемен. Мен сені қызғанамын, амал қанша, қайтем, Жеткеніңді қалаймын бақытыңа көздеген.
Қ-сы: (x2) Мұның бәрін жасадың көздерім жыласын деп, Көздерім жыласын деп, көздерім жыласын деп. Сүріндірдің сен мені арманым құласын деп, Арманым құласын деп, арманым құласын деп.