Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x A.J. x BALLER - Бұл шын жүректің әні | Текст песни

Бұл шын жүректің әні

Қ-сы:
Ұмыттым өзіңді қиын болса да маған,
Бұл шын жүректің әні, аяулым, жаным, саған.
Ұмыта гөр сен мені, есіңе алмашы,
Жаралы жүрегіме қаяу-мұң салмашы.

Махаббатқа қалдым мен алданып,
Міне, енді отырмын жалғыздықпен қамалып.
Қамалып отырмын, тек сен босата аласың,
Осы айтылған сөздерім жүрегіңді жауласын.
Жалғыздық деген жаман, жауыма да тілемеймін,
Бақытты жандарға мен ажырамаңдар деймін.
Сүйіктім, біз неге бақытты бола алмаймыз,
Алыста жүріп бір-бірімізді ойлаймыз.
Жалғыздық сезім – ол ең жаман сезім,
Сені қалай қатты сүйетінімді енді сездім.
Сүйгендеріңмен бақытты болыңдар деймін,
Бақытты жандарға мен ақ жол тілеймін.
Мен де бұны жайдан жай жазып жатқан жоқпын,
Ішімдегі сезімімді ақтарып жазып отырмын.
Махаббатқа қалдым мен алданып,
Міне, енді отырмын жалғыздықпен қамалып.

Қ-сы:
Ұмыттым өзіңді қиын болса да маған,
Бұл шын жүректің әні, аяулым, жаным, саған.
Ұмыта гөр сен мені, есіңе алмашы,
Жаралы жүрегіме қаяу-мұң салмашы.

Ғашық болма ешбір жанға,
Болмаса жүрегің жанады махаббат отында.
Қолымда қалам, жүрегімде үлкен жара,
Сол жүрек жарасы үлкеюде бара-бара.
Сүю оңай, бірақ бірге болу өте қиын,
Сүйгеніңмен қосылсаң, онда ол үлкен сыйың.
Жүргенімізден қоштасқанымыз көп болса да,
Сені ұмыталамаймын, жаным, мені тыңда.
Ішімнен буынып осы сезімді сөздер шығуда,
Жүрегім сыздап тек бір өзіңді ойлауда.
Тығуда қанжар жүрегіме сен жайлы ойлар,
Сенің айтқан соңғы сөзің жүрегімде қалар.
Батар жаныңа әнім, кешір кешіре алсаң,
Себебі бұл әнді қолым емес, жүрегім жазған.
Қазсам да инемен құдық, саған тең болмаймын,
Бәрі жақсы болады деп өзімді алдай алмаймын.

Қ-сы:
Ұмыттым өзіңді қиын болса да маған,
Бұл шын жүректің әні, аяулым, жаным, саған.
Ұмыта гөр сен мені, есіңе алмашы,
Жаралы жүрегіме қаяу-мұң салмашы.

Сатпаймын жанымды сайтанға қыз үшін дейтін едім,
Ал енді, қаласаң, керегіңнің бәрін беремін.
Себебі сүйемін, себебі жақсы көремін,
Қайта бірге болсақ, бар айтқаныңа көнемін.

BaGi x A.J. x BALLER еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2