Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x A.J. - Қарашы соңғы рет көздеріме | Текст песни

Қарашы соңғы рет көздеріме

Кірпік қақтың аққудың қанатындай,
Жыласаң бәрі орнында қалатындай.
Көз жасың көктен жаңбыр болып түссе,
Ой тазарып, қайғы-мұңды шаятындай.
Қарашы соңғы рет көздеріме,
Сол мезет бір ұшқынды сезбедің бе?
Әлде сен үнсіз ғана сол ұшқынды
Іштегі сезімдермен езгенің бе?
Ұқыпсыз қарамадым махаббатқа,
Берік болдым жүрек дейтін адал атқа.
Қарашы соңғы рет көздеріме,
Жауап қатшы, осы шын махаббат па?
Сылдыр қаққан бұлақтың дауысындай,
Сен сөйлеші сөздерің таусылмай.
Біз қоштастық мәңгіге, жолықпасқа,
Аңсайды жүрек сенімен қауышуды-ай.
Біз қоштастық мәңгіге, жолықпасқа,
Аңсайды жүрек сенімен қауышуды-ай.

Қайырмасы: (х2)
Кімнің, жаным, шырағын жағарсың сен,
Кімнен бақытын өмірдің табарсың сен?
Жылдар өтіп өзіңсіз жылжып жатыр,
Өмір – өзен, ағады жалғасумен.

Бақыт құсы қолымда қонып тұрды,
Жылымады жүрегім, тоңып тұрды.
Маған деген сезімі оянбады,
Тек көңілі мен жаққа соғып тұрды.
Асау сезім мендегі биік екен,
Асау сезім сендегі киік екен.
Ұстатпадың қолыма қанатыңды,
Осы менің бақытсыз күйім ба екен?
Асқар Алатауға да ән арнадым,
Іштегі сезім, сен мені тағы алдадың.
Сен кеттің енді қайта оралмасқа,
Соңыңнан ере кетті сана, арманым.
Дала ғашық өзіңе, күн де ғашық,
Бала ғашық өзіңе, түн де ғашық.
Енді жүрек өзіңсіз соғып жатыр,
Баяғыдай көңілді асып-тасып.
Енді жүрек өзіңсіз соғып жатыр,
Баяғыдай көңілді асып-тасып.

Қайырмасы: (х2)
Кімнің, жаным, шырағын жағарсың сен,
Кімнен бақытын өмірдің табарсың сен?
Жылдар өтіп өзіңсіз жылжып жатыр,
Өмір – өзен, ағады жалғасумен.

BaGi x A.J. еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1