Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x A.J. - Көбелек | Текст песни

Көбелек

Саған сұрағым бар, жауап берші сен соған,
Не сені тартады, нақтырағын айтшы сен маған.
Екеуміз екі бөлекпіз, суыған жүрекпенен,
Біз бірге бола алмадық, айтшы маған неліктен?
Мен сені елестете алмаймын өзгеменен,
Өзіммен ерегісіп, түр-түрлі сөзге келем.
Ойымнан шықпайсың күндіз және түнімен,
Денем түршігеді сенің үніңді естісем.
Енді қайтем, шарасызбын, амал жоқ,
Түрлі ой ағымынан барамын мен ада боп.
Сенің суық сөздерің қадалды ғой қанжар боп,
Мен үшін жүрсең болды жат-жағадан аман боп.
Шаң басты көңілдің бет бейнесін, ажарын,
Түсінігін бере көрші себепсіздеу тараудың.
Дұрыс деп ойламаймын бір бағыттан қараудың,
Енді еш мәні жоқ сені бақытқа балаудың.

Қайырмасы: (x2)
Мен сенен сұранбаймын қайта оралшы деп маған,
Сонда да көңілім өте ынтазар саған.
Рахмет саған бір сәт бірге болғаныңа,
Көбелек секілді бір сәт гүлге қоғаныңа.

Болашақты өзгертсек те, өткеніміз өзгермейді,
Күзден соң көктем келіп айналамыз гүлдер, мейлі.
Мен саған сеніп бердім кеудемдегі жүректі,
Осы болған жағдайлар өмірімді күрт өзгертті.
Есігімді менің қақ, мұң төрлетті үйіме,
Куә болдым күз айында жапырақтар биіне.
Тереземнің тұсында жаңбыр жауды жиірек,
Жалпы, жағдай осындай, түсіндің ғой, не керек.
Сенсіз өмір сүрудің қиындығы белден асты,
Түн ұрлады ұйқымды, келбетімнен маза қашты.
Қолдағы қара қалам бейнеледі жан сипатын,
Жүрегімнен сөз қалап, ақ параққа сөз жанадым.
Неліктен мені қинадың – саған қояр сұрағым,
Өшіріп кете бардың жан-дүниемнің шырағын.
Жамандық тілемеймін, бақытты бол оданда,
Жаным рақат табады сен бақытты болғанда.

Қайырмасы: (x4)
Мен сенен сұранбаймын қайта оралшы деп маған,
Сонда да көңілім өте ынтазар саған.
Рахмет саған бір сәт бірге болғаныңа,
Көбелек секілді бір сәт гүлге қоғаныңа.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-