Таң, азан, бір нәрсені сезгендей, Ертеден болмадым, азан, көремін деп ойладым сені. Ескертпей ояндым, әдеттегідей, Қолымда суретің, ойымда – бір өзің. Есімде жүресің, болдың ғой елесім, Жоқ, ұмыт мені, ұмытармын мен де сені. Жолымыз бөлек, енді неге бізді кездестірді тағдыр, Кездестірмегенде бұндай болмайтын ба еді. Қазір көрмегенде, білмегенде, Қате өзімнен бе, бірақ кездестірдім бәрібір. Әрбір күн, әрбір сағат жүректе уайым, арман, Қош бол деймін саған, махаббатым аңсаған. Қалалар, көшелер, бірге өткен күндер сені асыға, Өткен күндер көп еске түседі. Сонда көзге жас келер, Бірақ жыламаймын, мен саған сөз берем.
Қ-сы: Күз келді далаға, жапырақ жаурап ұшып, Келші, құшағыма алайын соңғы рет сені қысып. Ұмытамын өзіңді қиын болса да маған, Бақыт тілеп қала бердім артыңнан, жаным, саған.
Қарашы маған соңғы рет көздеріме, Сезімнің оты сөніп, айналам өзгеруде. Өзгерді менің саған деген көзқарасым, Сағым секілді менен алыстап барасың. Бақытты бол, өзгені бақытсыз қылып, Соғып тұрған жүректі кеуде тұсынана жұлып. Мен сенен сұранбаймын қата оралшы деп маған, Сонда да көңілім өте ынтазар саған. Рақмет саған бір сәт бірге болғаныңа, Көбелек секілді бір сәт гүлге қонғаныңа. Жүре бер солай, бір күні басыңа тиеді, Біреуге ғашық болып, сенің сорыңа сиеді. Қазірше сен ойынның тәртібін жазатын, Тәртіпке көнбегендерді тізімнен сызатын. Қайталап айтамын, мен саған лайықты емеспін, Жаралы жүрегімді саған қайта бермеспін.
Қ-сы: (x3) Күз келді далаға, жапырақ жаурап ұшып, Келші, құшағыма алайын соңғы рет сені қысып. Ұмытамын өзіңді қиын болса да маған, Бақыт тілеп қала бердім артыңнан, жаным, саған.