Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x Ayat - Махаббат деген... | Текст песни

Махаббат деген...

Қайырмасы: (х2)
Махаббат деген – оңай нәрсе емес,
Оны жоғалтсаң, қайта айналып келмес.
Егер де сүйсең, досым, онда күрес,
Сезімнің жолында жеңіс оңай келмес.

Ол енді білмейді не керегін өзіне,
Сенуші еді оның айтқан сөзіне.
Еске алып өткенді жалғыздықтықты сезіне,
Біршама уақыт болды ерік бергелі көзіне.
Бірге жүрген күндері оның әлі есінде,
Екеуі айрылысты сенбі күннің кешінде.
Не үшін, не себеп, өзі де білмейді,
Жұбатқысы келеді, бірақ жүрегі көнбейді.
Жүрегі көнбейді оны өзгемен көруді,
Іштегі сезімі қаламайды сөнуді.
Неге олай деп өз-өзінен сұрайды,
Өі жыламаса да сүйген жүрегі жылайды.
Жылайды қосылып қоңыр күздің табиғаты,
Сонда да өшпейді жүрегінде қыздың аты.
Оған әлі түсініксіз махаббат табиғаты,
Сезімде әлсіздеу келеді екен адам заты.

Қайырмасы: (х2)
Махаббат деген – оңай нәрсе емес,
Оны жоғалтсаң, қайта айналып келмес.
Егер де сүйсең, досым, онда күрес,
Сезімнің жолында жеңіс оңай келмес.

Қараңғы түн, түн, айдың көзі ашық,
Отырмын ойланып, әлде ойға батып.
Не істеу керек енді, кеттік айырылысып,
Жалғыздық мендегі кенет кетті өршіп.
Қалай болды, арамызда не болды?
Көкейіңде адамдықтың барлығы таусылды.
Нәзік жүрегіңді қаталдылық жаулады,
Ондай қылықтарың қайдан пайда болды?
Бара-бара шындықтардың көзі ашылды,
Менен жасырғаның аяғында шашылды.
Болды, жетер, көп сұрақ керек емес,
Ол сұрақтарыма ешкім де жауап бермес.
Бұл сезім сенікі, ал мен соған алдандым,
Сұлу, бірақ қатігез көздеріңе алдандым.
Будай ғайып болды енді біздің байланыс,
Сезімімде енді жоқ ешқандай айрылыс, қалыс.

Қайырмасы: (х4)
Махаббат деген – оңай нәрсе емес,
Оны жоғалтсаң, қайта айналып келмес.
Егер де сүйсең, досым, онда күрес,
Сезімнің жолында жеңіс оңай келмес.

BaGi x Ayat еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1