Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x Baidon - Қасымда жоқсың | Текст песни

Қасымда жоқсың

Қиялға берілмеймін, шындықпен өмір сүремін,
Келмеске кетіп едің, неліктен сені күтемін.
Ешқашан көгермейді “махаббат” атты көктемің,
Бояуын өзгертіпті ақ-қараға деп білемін.
Жүректің жартысын өзіңменен алып кеттің,
Күзде ұшқан құстардай қай жағаға ұшып жеттің?
Қария күткендей жастығын көктемді күтемін,
Жылыса жағалауым ұшып келер деп сенемін.
Жартылай соққан жүректің жағдайы қиын,
Босады өзіңсіз суық қабырғалы үйім.
Сезінген менің күйім беймәлім өзгелерге,
Таптама жүрегімді, аяқпен езбелеме.
Бауыр бастым саған, үйреніппін өзіңе,
Шексіз қарай беремін суреттегі жүзіңе.
Қоярға жер таппаймын шырылдаған жанымды,
Ұйқысыз қарсы алдым келесі бір таңымды.

Қ-сы:
Қасымда жоқсың сен, мен сені іздедім,
Өзіңсіз сарғайған, мұңайған күздеймін.
Қалайша, білмеймін, алыстады арамыз,
Бөліндік екіге, айрылысып барамыз.

Өзіңсіз өтті күндер, үйрендім жалғыздыққа,
Алыстадың менен, бір сәтке қалшы, тоқта.
Өзің жоқта сезіндім сезімнің суығын,
Жүрегіңе жылу таппай құладым да, жығылдым.
Уақытқа сенім артып, жүректің емін іздеп,
Өлшеулі өмірімді өмір сүріппін сіз деп.
Табиғатты күз деп, кеудемде де дәл солай,
Қалайша аяқтаймын махаббатымды, қалай?
Ұқсаттым өзіңе көшедегі әрбір қызды,
Сен болдың сүйгенім құбылмалы, екі жүзді.
Жолықтырды тағдыр бізді, ендеше, амал жоқ,
Жүректің ортасында қала бердің жара боп.
Жарайды, көндік оған да, тап бақытыңды,
Алмастырдың күнді, күндіз қылып түнді.
Серік қылдың кімді, кімнің қолындасың сен,
Қай жерде болсаң да, мен сені сүйіп өтем.

Қ-сы:
Қасымда жоқсың сен, мен сені іздедім,
Өзіңсіз сарғайған, мұңайған күздеймін.
Қалайша, білмеймін, алыстады арамыз,
Бөліндік екіге, айрылысып барамыз.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-