Қара көзіме, қара қара көзіме, Қара көзіме, қара қара көзіме.
Мен сені сүйіп өтем, ешқашан ұмытпа, Жүрегім шашырады мың түрлі сыныққа. Сыздатып ауырады, өзіңді сағынады, Қолым жетпейтін менің арманым алыстағы. Күндерім өтер сенсіз сағыныш құшағында, Неліктен алыстадың, жауап берші сұрағыма. Өмірім өзгерді, айналам құбылып, Барамын тек өзіңе жығылып, сан сүрініп. Ауыртпа жүректі, онсыз да ауыратын, Алыстама менен, онсыз да алыстасың. Үзбеші үмітті, үзіліп жалғанған, Алдама сен мені, пайда жоқ алдаудан.
Қайырмасы: Қара көзіме, қара қара көзіме Қара көзіме, қара қара көзіме Қара көзіме, қара қара көзіме Бұл әлемді сыйлатам, жаным, өзіңе. Қара көзіме, қара қара көзіме Қара көзіме, қара қара көзіме Шын жүректен өзіңді, жаным, ұнаттым, Қайта оралшы, сүйіктім, жаным, өзіме.
Сұрамай-ақ қой жағдайымды, бәрі жақсы, Иә, естіп жатырмын бақытыңды тауыпсың. Бақытты бол, мені бақытсыз қылған ару, Қолымнан келмеді сенің көңіліңді табу. Қараңғы бөлме, қолымда шылым, Ай жарығы көрінбейді, бұл жүрек жырым. Шырыны ақты жүректің сығылып қатты, Сенің қылықтарың жүрек соғысын тоқтатты. Қысқа көйлек, бетіңде сенің қалың маска, Жүрегім менің іздеуде басымды ұрып тасқа. Мені қинасаң қинай бер, жүрегіме тиіспеші, Онсыз да алыс тұрған бақытымды бездірмеші. Кетсең кете бер , білдіртпей кетіп қалшы, Жүрегімде тот басқан қанжарды суырып алшы. Алысташы менен деп ойланбай айта берем, Ойланбай не оттасам да бәрібір де сүйем.
Қайырмасы: Қара көзіме, қара қара көзіме Қара көзіме, қара қара көзіме Қара көзіме, қара қара көзіме Бұл әлемді сыйлатам, жаным, өзіңе. Қара көзіме, қара қара көзіме Қара көзіме, қара қара көзіме Шын жүректен өзіңді, жаным, ұнаттым, Қайта оралшы ,сүйіктім, жаным, өзіме.
Тағы да автоответчик, тағы да үнсіздік, Қазір жаныңда кім бар екені маған қызық. Қай жерде жүр екенсің бұндай кешкі уақытта!? Мені бақытсыз қылу, саған сол бақыт па? Бақытымнан айыру сенің қолыңда, түсіндім, Аппақ аттағы ханзада мен емес екенмін. Керегі не көкіректіктің, биік санап өзіңді? Маған қымбат күнделікті көру қара көзіңді. Афродитасы болдың менің ертегімнің, Ертегілер бақытпен бітетін еді, түсінбедім. Түсінбедім мен сенің қылықтарыңды, Жүрегім сені қызғанып жынымды шығарады. Қызарады көздерім толып қызыл қанға, Демім тарылды айқай салып жалғыздық жаққа. Төрт бұрышты бөлмеден сыртқа шыққым келмейді, Бақытсыз жүрек бақытты жандарды көрмейді.
Қайырмасы: Қара көзіме, қара қара көзіме Қара көзіме, қара қара көзіме Қара көзіме, қара қара көзіме Бұл әлемді сыйлатам, жаным, өзіңе. Қара көзіме, қара қара көзіме Қара көзіме, қара қара көзіме Шын жүректен өзіңді, жаным, ұнаттым, Қайта оралшы ,сүйіктім, жаным, өзіме.