Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x BALLER - Жүрегім ауырады сені ойласам | Текст песни

Жүрегім ауырады сені ойласам

Қ-сы:
Жүрегім ауырады сені ойлаған сәтте,
Айтатын назым бар – менен алыстап кетпе.
Тағдырдың жазғаны, шарасызбыз екеуміз,
Жаным, айтшы маған, енді біз қайтерміз?

Қалам және он алты қатар сыятын бір парақ,
Екі бағытқа кеткелі келемін мен күн санап.
Саған менде қоятын жүрегімде мың сұрақ,
Барасың сен алыстап, кеттің менен тым жырақ.
Ұмытылды артта қалған сол күндердің жылуы,
Мен ғашық болған ару - сұлулардың сұлуы.
Қиын екен сезімнің бір бағыттан тұруы,
Жасалған қателіктер оңай екен құруы.
Білеміз бақ таласы жан таласы көбірек,
Еске алсам сол күндерді ауырады көкірек.
Бір-бірімізді сүйеміз, жүректеріміз бөлек,
Көздеген мақсат – бір, өте жақын төңірек.
Уақыт бөле алмадым, жаным, саған көбірек,
Енді бәрі бітті, бізге енді не керек?

Қ-сы:
Жүрегім ауырады сені ойлаған сәтте,
Айтатын назым бар - менен алыстап кетпе.
Тағдырдың жазғаны, шарасызбыз екеуміз,
Жаным, айтшы маған, енді біз қайтерміз?

Сен алыстап жыраққа, жауап бермей сұраққа,
Қайда кеттің, екеуміз бәлкім жақын, ұзақ па.
Сағынышқа билеп санамды, сүмеппін бұлай адамды,
Жаным, кедесуге құштармын аййналып өтсем де бүкіл ғаламды.
Айналып өтсем де бүкіл ғаламды, жүректе тек қана жалғыздық деген сезім,
Сенің орныңды басатын қызды кездестірмедім.
Әрбір қыздың келбетін саған ұқсатамын,
Саған байланып қалғанмын ба деп мен қорқамын.
Ішкі әлемімді менің ешбір жан білмейді,
Тас қараңғы суық, ал келбетім білдіртпейді.
Жетелейді алға емес, керісінше, артқа,
Неге бұлай мен түкірмедім ғой махаббатқа.
Есігіңді жаппа, жүрегіңді құлыптама,
Өтінемін сенен, мені жалғыз қалдырма.

Қ-сы:
Жүрегім ауырады сені ойлаған сәтте,
Айтатын назым бар - менен алыстап кетпе.
Тағдырдың жазғаны, шарасызбыз екеуміз,
Жаным, айтшы маған, енді біз қайтерміз?

BaGi x BALLER еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2