Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x BALLER - Жүрек жыры | Текст песни

Жүрек жыры

Жүректе тек қана жалғыздық деген сезім,
Сенің орныңды басатын қызды кездестірмедім.
Әрбір қыздың келбетін саған ұқсатамын,
Саған байланып қалғанмын ба деп мен қорқамын.
Ішкі әлемімді менің ешбір жан білмейді,
Тас қараңғы, суық, ал келбетім білдіртпейді.
Жетелейді алға емес, керісінше арьқа,
Неге бұлай мен түкірмедім махаббатқа.
Есігіңді жаппа, жүрегіңді құлыптама,
Өтінемін сенен, мені жалғыз қалдырма.
Болашағымыз ойластырылып қойған еді біздің,
Бірақ сол болашаққа сен мені жеткізбедің.
Әлде де кеш емес, жаным, ойлануға уақыт,
Жойылсын ішіміздегі тәкаппар.
Жалғыздықтың өзегімен аға бергім келмейді,
Ағысқа қарсы тұрып, бақытыма жеткім келеді.

Қ-сы: (x2)
Мен сені ұнатыппын, жаным,
Менің сүйген жалғыз арманым.
Бақыт сыйлап кел қасыма,
Сезіміңді сен жасырма.

Сұрамай-ақ қой жағдайымды, бәрі жақсы,
Ия, естіп жатырмын, бақытыңды тауыпсың.
Бақытты бол, мені бақытсыз қылған ару,
Қолымнан келмеді сенің көңіліңді табу.
Қараңғы бөлме, қолымда шылым,
Ай жарығы көрінбейді, бұл жүрек жырым.
Шырыны ақты жүректің сығылып қатты,
Сенің қылықтарың жүрек соғысын тоқтатты.
Қысқа көйлек, бетіңде сенің қалың маска,
Жүрегіммен іздеуде басымды ұрып тасқа.
Мені қинасаң, қинай бер, жүрекке тиіспеші,
Онсыз да алыс тұрған бақытымды бездірмеші.
Кетсең кете бер, білдіртпей кетіп қалшы,
Жүрегімде тот басқан қанжарды суырып алшы.
Алысташы менен деп ойланбай айта берем,
Ойланбай не оттасам да, бәрібір де сүйем.

Қ-сы: (x2)
Мен сені ұнатыппын, жаным,
Менің сүйген жалғыз арманым.
Бақыт сыйлап кел қасыма,
Сезіміңді сен жасырма.

BaGi x BALLER еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1