Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x BALLER - Орхидея | Текст песни

Орхидея

Қ-сы:
Сыйлайын орхидея, ашайын галерея
Толтырып ішіне суреттеріңді сенің.
Болайын қос қанатың, самғап көкте ұшатын,
Тек күлкі үзілмесін сенің келбетіңнен, жаным.

Қылықты сұлу еркем, назданып қарап күлсең,
Ойымды ұмытамын маған қарап сөйлесең тілдесе.
Тал шыбық тұла бойың, ұрланған менің ойым,
Қара көз, шие ерін, сүйіктім, аршын түс, алма мойын.
Теңейін көктем гүлге, жұлдызды айлы түнге,
Әсем гүл – орхидея сыйлайын күнде.
Теңейін көктем гүлге, жұлдызды айлы түнге,
Әсем гүл – орхидея сыйлайын күнде.

Қ-сы:
Сыйлайын орхидея, ашайын галерея
Толтырып ішіне суреттеріңді сенің.
Болайын қос қанатың, самғап көкте ұшатын,
Тек күлкі үзілмесін сенің келбетіңнен, жаным.

Шыныңды айта бер, мен тыңдайын, түсінем,
Егер сезім болмаса, доғарайық осы жерден.
Алтын уақыт, бір рет берілер бақыт,
Осындай әуенді жазуға сен бересің шабыт.
Бақытқа малынып, сезім қанатында қалқып,
Жүргім келеді күнделікті сені қуантып.
Қуыршақтар көп жүректері сезімге қарсы,
Махаббатты ойлап олардың ауырмайды басы.
Олардың жүрек жарасы – ол жеңіл табыс,
Әрбір түні бақыт үшін төсекте арпалыс.
Ал сен болсаң, жаным, мүлдем басқа жансың,
Сол үшін саған болашағымды тапсырамын.
Менде жоқ әпше немесе қарындас,
Сен үйге келсең, анам қуанбай қоймас.
Себебі анашым бір қыз баласы сүйгісі келген,
Сені келін қылып арманын орындап беремін.

Қ-сы:
Сыйлайын орхидея, ашайын галерея
Толтырып ішіне суреттеріңді сенің.
Болайын қос қанатың, самғап көкте ұшатын,
Тек күлкі үзілмесін сенің келбетіңнен, жаным.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
Нет видео
-