Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x BALLER - Тыныш тыныш | Текст песни

Тыныш, тыныш

Қ-сы: (x2)
Тыныш, тыныш, бұл – жүректің әуені,
Менімен бол бірге, қасымда қал енді.
Өзіңді сүйемін, сен – менің барымсың,
Болашақ бірге болатын мәңгілік жарымсың.

“Мен сені сүйемін, қалғаны қызықтырмайды!”,
Осындай сөздермен екінің бірі алдайды.
Тәкаппарлықты көміп тастайық таптап жерге,
Жалғыз жүрмейік аспанда қалқып айлы түнде.
Бақытты болу біздің өз қолымызда,
Қолдағы бақытыңды өзге жанға ұшырма.
Ыдыс-аяқ сынады, сынады жаралы жүрек,
Қозы Көрпеш, Баянның аңызы – әңгіме бөлек.
Көйлек, Bayberry немесе LV,
Бұл – қарапайым BALLER, бұл емес Timati.
Менің қарапайымдылығымды қабыл ал,
Сенің күлкің – маған той, соны жаттап ал.
Төрт дөңгелегім болмаса да, екі аяғым бар,
Сенің әке-шешеңе айтар кішкене сөзім бар:
“Немерелеріңізге үлгілі әке болмасам да,
Қыздарыңызды бақытты қылу менің қолымда.”

Қ-сы: (x2)
Тыныш, тыныш, бұл – жүректің әуені,
Менімен бол бірге, қасымда қал енді.
Өзіңді сүйемін, сен – менің барымсың,
Болашақ бірге болатын мәңгілік жарымсың.

Махаббат – мен үшін, сенің есіміңмен тең,
Қасымда болғаныңда тынысым тарылмайды, кең.
Сені сүйіп өтем, сен, өйткені, лайықтысың,
Жүректің қалауысың, мен үшін қымбатсың, түсін.
Жылатпаймын сені көздеріңді мөлдіретіп,
Сүюді ұғындырдың, махаббатты шын үйретіп.
Өмірімді күйретіп, түрлі түсті бояу беріп,
Кеудемде орын алдың жүрегіме менің еніп.
Саған сеніп тапсырдым кеудемдегі тіршілікті,
Сезімім жәбірленді, мен үшін де жеткілікті.
Өзіңді іздедім адасып қиял жерлерде,
Сенен басқа қалмады адамдарым да сенердей.
Тыңдашы әуенін шын жүректің туындысын,
Тыңдамашы шетелдің қайдағы жоқ жуындысын.
Тыңдашы, тыңда, бұл – жүректің соққысы,
Өзіңсің өмірімнің мағыналы бояу түсі.

Қ-сы: (x4)
Тыныш, тыныш, бұл – жүректің әуені,
Менімен бол бірге, қасымда қал енді.
Өзіңді сүйемін, сен – менің барымсың,
Болашақ бірге болатын мәңгілік жарымсың.

BaGi x BALLER еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1