Қ-сы: Жалғызсың мен үшін, бәрінен ерекше, Жаралы жүрегіме келші көмекке. Жалғыздап кетсек те, сезімдер өлмейді, Жүректегі есімің ешқашан сөнбейді.
Алыстап кетсең де, махаббат бітсе де, Сені ұмытпаймын, бұны білесің бе? Қанжардай сөздерің жүрегімді тесіп, Екеуміз бөлек қалдық, арамызды үзіп. Өткен кезді сызып, жалғыз сені тосып, Жалғыздықта жүрмін жүрекке мұң қосып. Көзімдегі жастың себепшісі тек сен, Мен бәрін кешіремін жаныма келсең.
Қ-сы: Жалғызсың мен үшін, бәрінен ерекше, Жаралы жүрегіме келші көмекке. Жалғыздап кетсек те, сезімдер өлмейді, Жүректегі есімің ешқашан сөнбейді.
Сырымды бөлістім аспанда толған Аймен, Мұң қона бастады екі көздеріме жаймен. Жұлдыздар жымыңдап түн ұйқымды ұрлады, Менің бұл махаббатым жүрегімді қорлады. Таң атты, көз алдымда түнек сейіліп, Бір сәтке жаңбыр жауды қара бұлттар жиылып. Сен жоқсың қасымда, мен сені іздедім, Қиналып, бұлқынып сені іздеді жүрегім. Мен сені сағындым, сағынып келемін, Біз енді қосылмаймыз, оны анық білемін. Кешірші, аяулым, өтініп сұраймын, Жаңбырлы күз айымен қосылып мұңайдың. Сен мен үшін дарасың, өзгелерге ұқсамайтын, Бір өзіңді ойлап түнімен мен ұйықтамаймын. Егер де қаламасаң, мен өзіңді қинамаймын, Қайта оралшы деп мен өзіңнен сұрамаймын.
Қ-сы: (х2) Жалғызсың мен үшін, бәрінен ерекше, Жаралы жүрегіме келші көмекке. Жалғыздап кетсек те, сезімдер өлмейді, Жүректегі есімің ешқашан сөнбейді.