Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x Kadem - Естелік [KZ Sound] | Текст песни

Ызасын жүректің басады дәптер мен қалам,
Бейнелеп бар сырымды өлең жолдарын салам.
Түнде жалғыз қаламын, үйреншікті құбылыс,
Бөлінді жолдарымыз, сені күтті бұрылыс.
Баян сұлуым, сүйіктім, көрпешең мен емес,
Көшені қаптаған қыздар өзіңе тең емес.
Елестеуде бейнең, жақындасам сен емес,
Тек қана жыламашы, менен саған кеңес...
Қоңыр күз таныстырды, жылатып ажыратты,
Ақ қайың қоштасуда жерге төгіп жапырақты.
Қойма маған сұрақты, жауабын таба алмайсың,
Ит болды мінезің, сары май боп жаға алмайсың.
Махаббатты болжап бізден болды қателік,
Үйленіп үй болу – жалғыз арманға сендік.
Басқа айтарым жоқ, сөздігімде сөз бітті,
Саған деген сезімім өзгермейді менің тіпті.

Қайырмасы:
Күндер өтер арамызда, жалғыз болып қаламыз ба,
Өткен күндер қала берді естелік боп санамызда.

Қоңыр көзің түсімде, ұйқымнан шошып оянамын,
Кешір мені, ботақан, миымнан сені жоя алмадым.
Нүктесін қоя алмадым, махаббатты боямадым,
Сұр түс боп қалды өткен, құтты болсын орамалың.
Ұмытылмайды өткен, айналып келсе де көктем,
Жүрегім ешқашан босамас осы ауыр жүктен.
Тіземді бүксем, берілгендей боламын,
Сенен кейін, сенесің бе, басқа қызға жоламадым.
Кішкене минут күтсем, қазір таңым да атады,
Ұялыда ойнайды “қайырлы түн, ботақаным”.
Сенің сәбилеріңнің мен болғым келген әкесі,
Кешір мені, кеш мені, ұмытпа сөзді келесі.
Қанша уақыт өтсе де, жылдарым ауысады,
Бір махаббат өлеңі жоқ сен туралы айтылмаған.
Қаласаң, алып қашамын, өсектің жолын басамын,
Маған бәрібір, сені сүйемін, қошақаным.

BaGi x Kadem еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1