Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x mc Maks - Шынайы сезім | Текст песни

Шынайы сезім

Жай ғана сөздермен жеткізу қиын сезімді,
Керек уақытта ұстап қалу керек өзіңді.
Сенің көзіңді қимаймын ғой өзгеге,
Көңіл бөлмеші, өтініш, қаңғыған сөздерге.
Өз ойың өзіңде, өзгеру өзіңнің өмірің,
Кірленер соңында мендегі нәзік көңілім.
Менің өмірім сенікімен ұштасты,
Көзқарас, талғам – бәрі бір не деген ұқсастық.
Айтайын соңғы рет, қайтара алмайсың қайталап,
Орынсыз сенікі қойылған сансыз мың талап.
Шаршадың менен, айта алмайсың бетіме,
Жеткізесің түрлі әрекеттердің ретінде.
Келесі бетінде жасырғандай Ай жүзін,
Несіне құпия жасырып менен жүрсің.
Жарайды, сау бол, сонда да сені қимаймын,
Осылай сезімменен махаббат ойынын ойнаймын.

Қ-сы: (x2)
Махаббат – ойын, сан түрлі салалы,
Біз үшін алыстау бақыттың аралы.
Сезімдер шамалы, бауыр бастық молынан,
Ұшырдым сені қайталап қайта қолымнан.

Жалғыздықта өмір сүрем, жабырқаулы жүрегім,
Ойларға терең батумен күнде мен жүремін.
Әрине, жүрек жалғыз, өйткені сені сүйем,
Жүректің еңсесі, сүйікті жан еркем.
Ғашықтық деген – бір дерт, оған мен шалдықтым,
Тағдырым осы шығар, оған мен бағындым.
Сүймейсің сен мені, жүрегің мені қаламайды,
Ал менің жүрегім болса сені іздеп аңсайды.
Сені сүйгені соншама, басқаға бара алмайды,
Себебі мендегі жүрек сені ғана қалайды.
Болмасаң да, ботақан, менің жанымда мәңгілікке,
Қабыл алшы әуенімді мәңгі, жаным, естелікке.
Қимаймын өзіңді өзгенің қараған көздеріне,
Қызғанамын өзіңді Күннің шашқан сәулесінен.
Сенің еркелегенің, қылықтарың ерекше,
Сенің айтқан сөздерің басқалардан өзгеше.

Қ-сы: (x2)
Махаббат – ойын, сан түрлі салалы,
Біз үшін алыстау бақыттың аралы.
Сезімдер шамалы, бауыр бастық молынан,
Ұшырдым сені қайталап қайта қолымнан.

Другие названия этого текста
  • BaGi x mc Maks - Шынайы сезім (0)
  • SERZHAN - Шынайы сезім (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-