Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x N.S.K1NG - Кеш мені | Текст песни

Кеш мені

Неге сүйген жандар бірге бола алмайды,
Неге бұл сезім бәрімізді бірдей жаулайды?
Ыстық көз жаспен сүртіледі кешегі күн,
Бұл оқиғада қатты кінәлімін мүмкін.
Барлығы түсінеді бағасын жоғалтқанда,
Сені жоғалтып айналды сөз ақиқатқа.
Кешір, жаным, мен қателігімді сездім,
Сенің махаббатыңа мен лайық емеспін.
Жерге тамған көз жасыңа жауап беремін,
Кінәмді әлі күнге дейін сезіп келемін.
Сен секілді қызды енді ешқашан таппаспын,
Жанашырлығың үшін менен үлкен алғысым.
Қолымда бар бақытым, өзім алысқа ұшырдым,
Неліктен барлық ісімді кеш болғанда түсіндім?
Сенен қайта бірге болайық деп сұрамаймын,
Сезім азабына сені қайтадан салмаймын.
Қорқпа, сүйіктім, енді мазаңды алмаймын,
Махаббаттардың ішінде сені ғана ұмытпаймын.

Қ-сы:
Кешір мені, сүйіктім, өшіргін санаңнан,
Мен сені жоғалттым қате басқан қадамнан.
Біз енді табыспаймыз, бөліндік екіге,
Кешірім сұрайтын келмеді реті де.
Кешір мені, сүйіктім, өшіргін санаңнан,
Мен сені жоғалттым қате басқан қадамнан.

Қараңғы түн ішінде келемін үй жағыңда,
Сенің бөлмеңнің жарығы сөнбей тұр әлі, ия.
Есіме түседі сені шығарып салған кездерім,
Құшағыма қысып айтылған жылы сөздерім.
Бұның бәрі өткен күн, несіне қозғаймын,
Қозғағанмен өткен қайтып алып келе алмаймын.
Бәрін бағаламаған кінәлі мен едім,
Түнде ұйқының орнына талай жасты төктің.
Енді ондай күн жаныңа жоламасын,
Өзге жан болса да, бақытын сенімен тапсын.
Білем, сен мені ойлайсың, әлі де ұмытпадың,
Ұмытуға тырыс, сені өзімнен босаттым.
Кіммен болсаң да, болшы тек бақытты,
Қалай да болсын жіберіп алма уақыты.
Мен қиналамын, уақытқа сенім артамын,
Уақыт емес пе жүрек жарасын жазатын.
Саған істегеніме жауап берудемін, білем,
Уайымдама, амалын тауып шыдап төзем.
Кімге не жасасақ та, алдымызға келеді,
Әр адам басына түскенде бәрін түсінеді.

Қ-сы: (х2)
Кешір мені, сүйіктім, өшіргін санаңнан,
Мен сені жоғалттым қате басқан қадамнан.
Біз енді табыспаймыз, бөліндік екіге,
Кешірім сұрайтын келмеді реті де.

BaGi x N.S.K1NG еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1