Қ-сы: (x2) Бэйби, сен менің сүйгенімсің, Бэйби, менің жүрегімдесің. Бэйби, мәңгілікке біргеміз, Осы әннің ырғағында тербелеміз.
Эй, бэйби, сенің ойыңдамын, түсіңдемін мен, Өміріме жарық бояу беретін, әрине, сен. Арамызда қашықтық әзірше аздап алыс, Қанша алыс болсақ, сонша іштей жақынбыз біз. Керемет бір күн келер ғажайып сыйлығымен, Жалықпаймын ешқашан жүзіңе қарай берумен. Сенің жұпар иісің қалды менің денемде, Жұлдызды түн, жаным, бәрі бәрі есімде. Жоғалтып алам деп ойлайтынмын басында, Менімен ағып келесің махаббат арнасында. Жаратушыдан басқа ешкім айырмас бізді, Түсініп қарайды деп ойлаймын сезімімізді. Артық сөз керек емес, алдамаймын сені, Өтірік сөзбен жеткізбеймін саған сезгенімді. Армандаймын сенімен тыныштықта болуды, Мәңгі бірге болып, сенің құшағыңда қалуды.
Қ-сы: (x2) Бэйби, сен менің сүйгенімсің, Бэйби, менің жүрегімдесің. Бэйби, мәңгілікке біргеміз, Осы әннің ырғағында тербелеміз.
Сен тыңдауды сүюші едің, ендеше мені тыңда, Сен деп соққан жүрегім әлі тұр өз орнында. Біздің махаббат ол екеумізге байланысты, Біз де ортақ әлембіз қалағандай түрлі түсті. Сенің қара көздерің тұңғиық қара түндей, Әсем күлкің өміріме жарық берген күндей. Мұндай сұлу қызға қалайша жүресің сезім білдірмей, Менің жүрегім соғады сенікімен бірдей. Жаратқан, сақта оны мені сақтағандай, Сендей ару қызды тапқан екен ана қандай? Жасаған әр қылығың жүректе қан жүгіртеді, Өзіңмен бұл өмір – махаббат жайында ертегі. Мен үшін, бэйби, өзгешесің сен, түсін, Сүйіп көрмеген адамдар қалайша түсінсін? Маған бәрібір басқалар біз жайында қандай ойда, Ең бастысы – махаббат жылу берді бойға.
Қ-сы: (x2) Бэйби, сен менің сүйгенімсің, Бэйби, менің жүрегімдесің. Бэйби, мәңгілікке біргеміз, Осы әннің ырғағында тербелеміз.