Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x SE7EN x Titp - Қош бол | Текст песни

Қош бол

Сенің ойың басқа, менікі – бір жерде,
Сен десе жылымайды мұздықтар қатқан кеуде.
Үйрендік біз демде бір-бірімізге де,
Жауабы сұрақтардың, мақсаттары да неде?
Зығырданым қайнайды сен сұрақ қойған кезде,
Ұрысып жарысамыз неліктен, айтшы, лездей.
Не жетіспейді бізге жанжалмен жетті күзге,
Кетіп қал қарамай байланыстың бәрін үз де.
Жылу қалмай жүзде, көзіңнің оты сөнді,
Бақшасына бақыттың қара бұлт келіп төнді.
Байғұс жүрек көнді қайтаруға тырысты,
Екі пенде – екі ойлы, жанжалды қайта құшты.
Үзіліп түсті соңғы жапырақ жерге,
Мүмкін нәсіп етпеді бармақтай бақыт бізге.
Бұзылды көпірі екі жүрекке қатынаған,
Қош бол, аман жүр, бақыт тіледім мен саған.

Қ-сы: (х2)
Жағалап сезім аралын,
Іздей барамын жүрек соғатын жаққа.
Мені ұмытпа, сонда да сақта,
Себепсіз тынтыма.

Ақ парақ та таусылып, сия да бірден бітті,
Махаббат оқиғасы да бірден де аяқталды.
Жапырақ та сарғайып жоғарыдан жерге түсті,
Қоңыр күз басталғанымен, бәрі де аяқталды.
Неге олай болғалы неге олай, білмедім,
Жүректі жаралатып, қалай оны сүйгенің.
Сезіммен ойнағаның ба, әлде түсінбедім,
Жетім бала етіп мені жалғыз қалдырып кеткенің.
Қалай солай болғалы айтқан сөздерің қайда,
Сені сүйем дедің, айтшы, енді сол сөздер қайда?
Мен дайын едім тіпті алып беруге Айды,
Неліктен, білмедім, жүрегің мені қаламайды.
Бақытты күндер есіңде емес шығар,
Жалынбаймын ешкімге, ұмытқаның жөн болар.
Мүмкін сол кезде бақытты боласың сен,
Ойламай-ақ қой мені, менің өз жолым өзіммен.

Қ-сы: (х3)
Жағалап сезім аралын,
Іздей барамын жүрек соғатын жаққа.
Мені ұмытпа, сонда да сақта,
Себепсіз тынтыма.

BaGi x SE7EN x Titp еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 1