Қ-сы: (x2) Жоқшылықтан барды жазып, өткенімді артқа тастап, Біз келеміз тек алға жаңа қадамдарды басып. Не дей бересің маған, не жетпейді екен саған, Қыстырмай қарсыласқандарды өз дегеніме берем.
Жоқшылықта жүріп, жүріп, Жаратқанға шүкір деп, Тіл – менің басты қаруым, алдым оны үшкірлеп. Рэп деген – ақиқат, рэп деген – өмір салты, Бастаса дана дара, тыңдарман оның халқы. Айту керек сөздерді наданның көзін ашатын, Беттесейік тікелей, сөзден жоқ мен де қашатын. Ұрының көтін ашатын айыптарын анық айттық, Кімдерді алдап қоясың көздерін бақырайтып? Ат басындай алтын жоқ, таласпаңдар бақаталасып, Кетті ғой әңгімелерге боқ пен сідік араласып. Дәстүрмен кетер жалғасып, қырдан ассаң, таудан ас, Өтінемін, сөз шебері, кетпе маған уды шашып. Екі қойың – бір сом, есті жинаған жөн, Көбісі үйдің балдары, мені өсірді район. МС-лер жай гон, тіл астында тілі бар, Жолды бер мықтыға, ұстаздан шәкірт озар.
Қ-сы: (x2) Жоқшылықтан барды жазып, өткенімді артқа тастап, Біз келеміз тек алға жаңа қадамдарды басып. Не дей бересің маған, не жетпейді екен саған, Қыстырмай қарсыласқандарды өз дегеніме берем.
Тыңда, генгста, сөзден секіріп не болды саған, Я не генгста, өз сөзіме жауап бере алам. Сен білесің бе бұның бәрі қалай жасалады, Түнде ұйықтамай, амалдап студияда қамалып. Қарнымыз аш болса да, сонда да теңгені жұмсаймыз PARLA-ға, Басымыз ауырып тұрса да, жүре береміз біз қалада. Жаман емес жасалаған дау, адал емес адам мен қауым, Қояр емес жамандап бауыр, теңін іздейді өзіне ауыр. Хип-Хоп, тек алға бас, қазіргі пацандар мас, Оларға керек напас, фишкалар үшін мазь. Ойланбай, қиналмай қаш, аямай теңгеңді шаш, Кедергі боламыз қас, сенің қолыңдағы – ол тас. Тыңдайсың Қайрат Нұртасты, шайнадың арзан бір фастты, Сияңда таусылды паста, балдарың біртіндеп қашты. Саған негіз он дид, маған келіп бір тип, Миды ашытып жид, бұл жерде SE7EN BEATS.
Қ-сы: (x2) Жоқшылықтан барды жазып, өткенімді артқа тастап, Біз келеміз тек алға жаңа қадамдарды басып. Не дей бересің маған, не жетпейді екен саған, Қыстырмай қарсыласқандарды өз дегеніме берем.