Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x SoolYa - Сезімдер келіспей | Текст песни

Сезімдер келіспей

Қаншама уақыт өтті өзіңді көрмегелі,
Жүректің дұрыс еді ғой бір сені білмегені.
Тағдыр ғой, амал жоқ, жазған соң, көнеміз,
Ерте келген сезім, есейдік ерте біз.
Естелік өткеннен – бір жапырақ гүл көктемнен,
Райыңнан қайта көрші, бас тартып көрші өкпеңнен.
Жанды жерден тепкеннен жек көрем деп айта алмаймын,
Қиын болса да маған, қателікті қайталаймын.
Ауырып тұрса да жүрек, жағдайларға жай қараймын,
Күн шапағатындай ажарыма түскен сен, арайлым.
Бақытыма балаймын, мүмкін, болды ақымақтық,
Тым биікке ұшырып, бақытты да бір құлаттық.
Адам, арман, махаббат, өмір,
Қалған соң түрленеді, білесің ғой, бұл көңіл.
Сақтағын есіңде, кешіргін, кешірме,
Кезінде екеуміз жаққан сезімді өшірме.

Қ-сы:
Екеуара сезімдер келіспей,
Тартыспай, беріспей.
Есімі – махаббат,
Жүрекке қанжар боп қадалады, қадалады.
Жүрекке қанжар боп қадалады, қадалады.

Сағыныш деген сезім қайтадан есік ашты,
Сендегі сезімді көрместей боп қуаң басты.
Өзің емде енді өзің салған жарақатты,
Көзімнен менің талай ыстық жастар ақты.
Кінә, бәлкім, менен, өзіңнен ізде, жаным,
Қателікті түсінсең, оралар өткен шағым.
Оралғым келмейді, өткенді еске алып,
Махаббат шыңына шықтым бойтұмар тағып.
Ал қазір алыстасың, алыстап кеттің менен,
Мен сені өшіремін ауырған жүрегімнен.
Келемін қадам басып, ілгері алға басып,
Өткен күндердің парағын ақтарам кейде шашып.
Қателік болды екеуміздің арамызда,
Махаббат уын төкті біздердің санамызға.
Ойланып кейде қараймын уақыттар арасын,
Ауырған жүрегіме қанжар сап барасың.

Қ-сы: (х2)
Екеуара сезімдер келіспей,
Тартыспай, беріспей.
Есімі – махаббат,
Жүрекке қанжар боп қадалады, қадалады.
Жүрекке қанжар боп қадалады, қадалады.

BaGi x SoolYa еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1