Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x Анар Шамшадинова - Жетім жыры (Мама, мен шаршадым) | Текст песни

Жетім жыры

Өмір өтіп барады салып жарасын жүрекке,
Адамдардың санасы – бұрынғыдай, қара көлеңке.
Қазақта айтады ғой: "Жетімін жылатпағын", - деп,
Өмірге келген сәби ойлайды ма жетім қалам деп?
Бүгінгі заманның дерті – ақылсыз адамдар ма,
Әлде ойламай басылған алдыға қадамдар ма?
Оу, қазағым, жауап берші, басыңда санаң бар ма?
Болашақ ел болам дейсің жылаған балаң барда...

Біздің мөлтек ауданда орналасқан балалар үйі,
Жылаған сәбидің үні шығып тұрады онда жиі.
Оларға бейтаныс өмір, әке-шешесін білмейді,
Сәби деген күлу керек, бірақ олар күлмейді.
Жетімнің жан дүниесін ешкім түсініп білмейді,
Осы жағдай неге жүректі тілмейді?
Әр баланың көзінде үміттің оты сөнбейді,
Өмір жетім қалды, бірақ бала түсінбейді.
Қалайша түсінсін, бала деген – періште,
Мен де түсінбес едім, өте өмір төңкерісте.
Ал көзде жанған үміт сенеді өзгеріске,
Әке-шешесін көреді ұйқыға жатқан түсте.
"Мама! Папа!" - деп көздеріне жас алады,
Таза парақ бетіне отбасы суретін салады.
Салынған сурет астына есімдерін де жазады,
Бір бұрышқа барып та үнсіз де жылап алады.
Жетімхана терезесінен далаға қарап тұр,
Қол ұстасқан отбасы балдарын ойнатып жүр.
Бұл балаға өмір - түссіз, айналаның бәрі – сұр,
Қалың қазағым жыласын тыңдап осы жетім жыр...

"Мама, білесің бе, сені күттім күндіз, түні де,
Сен келер деген үміт мазалайды күніге.
Анашым, сенің бейнең көз алдымнан кетпейді,
Түсімде сені көрем, созсам, қолым жетпейді.
Жылай-жылай, мама, көзімнен жас таусылды,
Сені қатты сағындым, естігім келеді дауысыңды.
Менің өмірім осындай – құбылмалы, ауысымды,
Мама, менің үмітімнің бүгін соңғы сабы сынды.
Сабы сынды, мама, мен сенетін үміттің,
Астында қалдым, анашым, ауыр салмақ күдіктің.
Керегі жоқ маған дүние мен мүліктің,
Сен келмейді деген кезде қорқыныштан дүрліктім.
Қорқыныш менің жүдеген жүрегімді ұялады,
Өз ойымды жеткізем деп қолым парақ сиялады.
Мен адасқан ойым түрлі шыңды қиялады,
Анашым, сен қайдасың, балаң сенің қиналады..."

BaGi x Анар Шамшадинова еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1