Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x Таңшебер - Жалған сөздер | Текст песни

Жалған сөздер

Жалғыз болып бөлісемін жалғыздықпен бар сырымды,
Әнің болып келіп едім, кімге жаздың ән-жырыңды?
Мені ұмыттың ба сен, жауапсыз айыптай бер,
Бәрін түсінерсің оған да жетіп келер күндер.
Әрбір түндер есептен тыс болып келе береді,
Әрбір жанжал көңілді одан әрі таптай береді.
Айта бердің сүйемін деп, ол да ұзаққа ермеді,
Соңғы кезде кездескенде жылуыңды сезбедім.
Еңсеңді тым биік көтеріп кеттің бе әлде,
Махаббатым ұзаққа жетпеді ме?
Сенейін кімге, қаптады жалған сөздер,
Қолыңды қысып ұстайын, егер қаласаң бара бер.
Ала бер керегіңді, енді көңіл жарамайды,
Сен ойлағандай көңіл артқа қайта қайта алмайды.
Өзімді баса алмаймын, бұл жүректің нұсқасы,
Мен сені ұмытпаймын, ұзын сөздің қысқасы.

Айтылмаған сөздер көп қой, білесің ғой, арада,
Түгі қалмаған жүрекке, тұз сеппеші жараға.
Қараймын далаға, көшеде үнсіз суық,
Арамыз екеуміздің кейде алыс-жақын жуық.
Бәрін біліп отпен ойнаған да мен,
Бәрін ұғып, кешірмей қинаған да сен.
Не деп айтам, сөздердің салмағы да қалмады,
Үміт артудамын келер күнге алдағы.
Түсін, ұғын немесе кет келмеске,
Сандықтары сезімнің жинап алып терместей.
Бәрі есте, тұр ғой ретімен санада,
Қарамай кете бер айналып арқаңа да.
Өкініштісі – ұзақ соғылған әлем,
Бұзылған қирандылардың арасымен келем.
Түсін, ұғын, білем, орынсыз сөздер ғой,
Қимай тұрған сені жәудіреген көздер ғой.
Өкініштісі – ұзақ соғылған әлем,
Бұзылған қирандылардың арасымен келем.
Түсін, ұғын, білем, орынсыз сөздер ғой,
Қимай тұрған сені көздер ғой.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-