Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x Шохан - Бәрі алда | Текст песни

Бәрі алда

Менде қазір бәрі жақсы, Жаратқанға шүкір,
Мені ары өткізумен өзім салған көпір.
Қиыншылық артта ғана емес, әлі алда,
Бұрылмайтын мінезім бар менің оңай жолға.
Ия, тәтті жемей ащы жоқ, жаман айтпай жақсы жоқ,
Ажырата біле білсең, әлі талай ащылар жоқ.
Бәрі алда уақытымен, қайғыменен, бақытымен,
Бастысы бас жоғалтпайық шүкірсіздік бағытымен.
Жайбарақат көше толы адамға,
Орын барын сезгендеймін арасында маған да.
Асығумен арманға тез басылды қадамдар,
Жетелейді үміт, шіркін, мынау жалған заманда.
Бастысы алданба өзіңдей адамға,
Өзгені алдама, мәселе сол ғана.
Сол ғана мені әлі тайдырмайды жолдан да,
Бұл әдісті қолдан, ұнамаса қолданба.

Қ-сы: (х2)
Мұңайма аладын ала, бәрі әлі алда,
Бәрі әлі алда, бәрі әлі алда.
Сескенбей ұмтылып бас қадам алға,
Бас қадам алға, бас қадам алға.

Ешкімді ойлауға уақыт жоқ, өз ойым өзімде,
Өмірің өтті ме күйзеліп күрсінбе.
Артыңа біраз уақыт ойланып қарашы,
Не қалдырдың артыңда.
Соны саусақпен санашы,
Аз екен, ия, екі қолың жеткілікті.
Абай атаң істегенін жүрекпенен жеткізіпті,
Қолыңнан келсе, бос отырма, залықпа.
Әрдайым бол бізбен байланыста,
Ақыры нәтиже шығады, досым, қорқпа.
Негізі әр нәрсе өз орнымен келеді,
Жаратушым бақылап отырады себебі.
Өткенді еске алып қайтеміз бекер,
Мұңайма, оны босқа қайтара алмаймыз.
Өміріміз алдан мүмкін биіктен көрінеміз,
Бауырым, өз қамыңды өзің ойлайсың.
Көзді ашып жұмғанша қартайғанды байқамайсың,
Айтылған сөздер жетті ме, онда жарайсың!

Қ-сы: (х2)
Мұңайма аладын ала, бәрі әлі алда,
Бәрі әлі алда, бәрі әлі алда.
Сескенбей ұмтылып бас қадам алға,
Бас қадам алға, бас қадам алға.

Другие названия этого текста
  • BaGi x Шохан - Бәрі алда (0)
  • aaaaa - aaaaa (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-