Сарғайды кеудемдегі жүрегім, Аман жүргенің менің тілерім. Өзіңсіз өмірім менің өтуде, Сүймейсің мені, оны білемін. Қынжылды кеудемдегі жаным, Бірге болсақ, сол-ақ арманым. Жүрекке сөздерім өтпеуде, Көремін енді басқа салғанын.
Махаббатқа жақын жағым жуық, сонда да айтайын, Мен – көшенің ақыны, жарты жолдан қайтпаймын. Не болды дегенде, бұл әңгіме батып кетсе, Ренжіп жүрме, мен осындаймын. Жалпы, махаббат деген біреуге бар, біреуге жоқ сезім ғой, Дегенмен, сүймесе, қиын екен.
Қ-сы: Сен сезгенді сезбесе, Күйіңді ол кешпесе, Жүрегі сен деп соқпаса, Қайтесің сүймесе.
Бір ғана арманым бар – сен бақытты бол, жаным, Қоршаған адамдар, қайтемін оның бәрін? Керектісі қасымда табылмаса, не шара, Кеудемдегі күшейіп барады бара-бара. Бері қара, оңай емес, ойнама сезіммен, Бір данасы да қалмады таусылған сол төзімнен. Кінәнің бәрі өзімнен, нем бар еді жолықтырып, Соншама әуреледің жүрегімді толықтырып.
Жақсы көрем, сол жаныма ауыр батады ғой, Әлі сенем, алда жақсы таңдар атады ғой. Қайдан білейін, сезімнің адасқан шатағы ғой, Не де болса, алдыма өзінікін тақады ғой. Жақсы көрем, сол жаныма ауыр батады ғой, Әлі сенем, алда жақсы таңдар атады ғой. Қайдан білейін, сезімнің адасқан шатағы ғой, Не де болса, алдыма өзінікін тақады ғой.
Қ-сы: Сен сезгенді сезбесе, Күйіңді ол кешпесе, Жүрегі сен деп соқпаса, Қайтесің сүймесе.