Өмір бізге бір беріледі, Кеудеме соққан бір жүрек. Өз егесі оның да бар, Ұмтылса, жүрегім табар. Шыдар, қинамасаң болғаны, Ұшпас бақыт қолдағы, сенің қолыңда. Сезім жолында талай сүріндік, жаным менің.
Қ-сы: (х2) Айтшы, не қажет саған, не керек саған? Қиналсаң, ұшып барам, Көңіл суымаса болды тек маған. Қасыңнан табылам.
Таптым деймін өзіңді, ажарлы бейне – жүзіңді, Көргім келеді асыға қою қара көзіңді. Сені көргенде жүрек соғады асыға. Уақыт зуылдап, кейде тоқтап, Дамылдап, ырғақтан жаңылғандай, Махаббат деген осындай, осындай.
Қ-сы: (х4) Айтшы, не қажет саған, не керек саған? Қиналсаң, ұшып барам, Көңіл суымаса болды тек маған. Қасыңнан табылам.