Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Багалай біл | Текст песни

Бағалай біл

Есіме аламын екеуміз бірге өткізген уақытымды,
Айрылысып себепсіз, жоғалтқан сол бақытымды.
Енді не істеймін, менде амалдар қалмады,
Сүйемін деп өзіңді сүйгенім менің алдады.
Түсінбедім не болғанын, не үшін олай болды,
Айрылып мен сүйгенімнен, көздеріме жас толды.
Ия, солай, мен сені сүйдім, жаным, құлай,
Біз екеуміз қоштастық, қалды жүрегім жылай.
Қимай сені ешкімге жүрегім,
Орындалмас ешқашан менің арман-тілегім.
Ия, білемін, саған аз уақытымды бөлдім,
Сені көріп өзгемен өртеніп, жанып, сөндім.
Мен сендім сенің айтқан сөздеріңе,
Қарап тұрып алғаным сенің қара көздеріңе.
Неге мені алдадың сүйемін деп бекерге,
Арамызда болған сезім, соның бәрі бекер ме?
Екіге бөлінді сүйген жүректер,
Аспанға ұшып кетті мендегі арман-тілектер.
Біреулер айтады: “Алма оны тек көңіліңе”,
Сол енді жалғыз мән берген менің өміріме.
Мен оны сүйемін, әлі де сүйе беремін,
Бірақ ондай дегенді түсімде көремін.
Сенемін енді оны ұмытарыма,
Жалғыз қалсам, жалғыздық мені жылытады ма?
Болды, қош, мен сені енді ұмыттым,
Соңғы жібі үзілді жалғыз ғана үміттің.

Махаббаттың құдіреті шексіз оны ғашық қылды,
Бір сәт оны көруге өз жүрегі асық болды.
Оқыды бір мектепте, бір қабырға тұсында,
Бұл оқиға басталды, нақты айтсам, осында.
Бала іштей сүйіп жүрді, айта алмады сезімін,
Жүрегінде сақтап жүрді қыздың жалғыз есімін.
Жақындауға тырысады, тіл қатуға себеп жоқ,
Онсыз өмір сүруден оған мүлдем қызық жоқ.
Күзге айналған өмірі өте берді бір сағымды,
Күн мен түнге сүйкеніп жүрек, шіркін, шын сағынды.
Жүректегі сезімін айта алмай қиналды,
Ойлай-ойлай сүйгенін жанарға жас жиналды.
Осылайша ай өтті, ай артынан жыл өтті,
Сүген жүрек сонда да тек жалғыз оны күтті.

Есіме аламын екеуміз бірге өткізген уақытымды,
Айрылысып себепсіз, жоғалтқан сол бақытымды.
Енді не істеймін, менде амалдар қалмады,
Сүйемін деп өзіңді сүйгенім менің алдады.
Түсінбедім не болғанын, не үшін олай болды,
Айрылып мен сүйгенімнен, көздеріме жас толды.
Ия, солай, мен сені сүйдім, жаным, құлай,
Біз екеуміз қоштастық, қалды жүрегім жылай.
Есіме аламын екеуміз бірге өткізген уақытымды,
Айрылысып себепсіз, жоғалтқан сол бақытымды.
Енді не істеймін, менде амалдар қалмады,
Сүйемін деп өзіңді сүйгенім менің алдады.
Түсінбедім не болғанын, не үшін олай болды,
Айрылып мен сүйгенімнен, көздеріме жас толды.
Ия, солай, мен сені сүйдім, жаным, құлай,
Біз екеуміз қоштастық, қалды жүрегім жылай.
Қимай сені ешкімге жүрегім,
Орындалмас ешқашан менің арман-тілегім.
Ия, білемін, саған аз уақытымды бөлдім,
Сені көріп өзгемен өртеніп, жанып, сөндім.

BaGi еще тексты


Другие названия этого текста
  • BaGi - Багалай біл (0)
  • BaGi - Бағалай біл (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3