Біздің махаббат байланыстан тыс жерде [mp3zone.kz]
Біздің махаббат байланыстан тыс жерде
Мені ұмыт, мейлі, өшіргін санаңнан, Іздеп көр бақытыңды өзге адамнан. Өмір бізді айырды, қанаттан қайырды, Сенсіз өткізудемін соңғы ай-күнді. Жүректегі мұңды тарқатар тек өзің, Жаныма жағымды сенің жылы сөзің. Күлімдеп қарайтын сенің қара көзің, Өмірге шуақ берер арайлы сұлу жүзің.
Қ-сы: Біздің махаббат байланыстан тыс жерде, Екеуміздің айрылысуымыз керек кімдерге? Біздің махаббат байланыстан тыс жерде, Мен сені қасымда ұстап қала алмадым үлгере.
Түрлі өзгерістер өзгертті менің өмірімді, Өткеннен бір үзінді түсіреді көңілімді. Семен өткен күндер, әрине, ашып айттым, Мен сені әлі сүйем, бетіңе басып айттым. Сені еш ұмытпаспын, ұмытқан күй есімде, Шоқ болып маздап тұрамын, жанып бітіп өшсем де. Тек сен үшін күз болып, айналамын көктемге, Екеумізді армандай ораламын өткенге. Сезімім айналды желмен ұшқан жапыраққа, Жерде шіріп жатып, сіңіп кетті топыраққа. Көз жасыма ерік бергем, көрсетпеймін бірақта, Осыған кім кінәлі, жауап берші бір сұраққа. Екеуміздің қайғы, айтшы, керек кімдерге? Енді кім жауап береді ысырап болған күндерге? Жүрекке егілген солып бітті гүлдер де, Біздің бұл махаббат байланыстан тыс жерде.
Қ-сы: (x3) Біздің махаббат байланыстан тыс жерде, Екеуміздің айрылысуымыз керек кімдерге? Біздің махаббат байланыстан тыс жерде, Мен сені қасымда ұстап қала алмадым үлгере.