Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Бұл өлең махаббат жайында | Текст песни

Бұл өлең махаббат жайында

Қ-сы:
Осы жерде болу керек қайырма,
Бұл өлең, әрине, махаббат жайында.
Әдемі дауыспен айтатын адам жоқ,
Сол себепті бұл өлеңде қайырма жоқ.

Есіңде ме, жаным, екеуміз табысқан күн,
Сенің күлкің және де басқа қылығың?
Жаңбырлы түнде өзіңменен жылыдым,
Жаным, сен болмасаң өмірде, мен құрыдым.
Ризамын, жаным, сені кездестірген күніме,
Айналып барасың өмірімнің гүліне.
Жылама, жаным, тек қана сен күлімде,
Болмашы нәрсеге жылап сен сөгілме.

Қ-сы: (x2)
Осы жерде болу керек қайырма,
Бұл өлең, әрине, махаббат жайында.
Әдемі дауыспен айтатын адам жоқ,
Сол себепті бұл өлеңде қайырма жоқ.

Көздегі жасты тыйшы, жаным, мен үшін,
Ай мен Күнді алып берейін сен үшін.
Білемін, жаным, ұрысамыз жиірек,
Күшейту үшін сезімді ұрысып тұру керек.
Қалтам терең емес, бай баласы емеспін,
Сені бағындыру үшін ақшаға сенбеспін.
Одан да, сүйіктім, ән айтып берейін,
Керемет ән тыңдап арта түссін мерейің.

Қ-сы: (x2)
Осы жерде болу керек қайырма,
Бұл өлең, әрине, махаббат жайында.
Әдемі дауыспен айтатын адам жоқ,
Сол себепті бұл өлеңде қайырма жоқ.

Таңғы сағат алты, ұйқымнан тұрып,
Суретіңе қарап, көңілімді бұрып.
Неткен көрікті сенің келбетің,
Жаным, сұлулық құтқарады Жер бетін.
Өзіңді ойлап, біршама сөз жазып,
Лайықты сөз таппай парақты сызып.
SMS жазып, торпеда тастап,
Кімге осы өлең ұнаса, тыңдасын басынан бастап...

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-