Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Ерболат бауырымызға | Текст песни

Ерболат бауырымызға

Біз жүріп, көз алдымда, өстік бала кезден,
Көрген жұрт айнала үлгі алушы еді бізден.
Әлі де сене алмаймын қатарда жоқ екеніңе,
Аттанып кете бардың періштелер мекеніне.
Көзімде жас, ешкімге де көрсетпеймін,
Сен жайлы естеліктер, өз ойымды өзгертпеймін.
Біз сені ұмытпаймыз, Ерболат бауырым,
Сезіндім, естерімде, қайғының ауырын.
Қайдасың, бауырым, іздедім, адастым,
Өзіңдей құрдастан айырылдым, таппаспын.
Түсімде көрдім сені, жеткізбей кете бардың,
Жүзің неткен аппақ түсіндей жауған қардың!
Отбасың ұмытпайды, жылаған анаң да,
Айтқан әрбір сөзің сақталды санамда.
Әзілдеп күлгенің – қиналғанда көмегің,
Сен бізден жүріп кеттің, амал жоқ, көнемін.

Қ-сы: (x2)
Аққан жұлдыз секілді аспанды жарып өттің,
Тоқташы, бауырым, оралмасқа қайда кеттің?
Мен сені ұмытпаймын, сақтадым жүрегімде,
Түсіме енудесің менің күнде түнде.

Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын,
Аспанда періштелер пейіш қақпасында тоссын.
Бірімізге доссың, бірімізге – аға,
Жоқсың сен қасымда, қайдасың сен, қайда?
Қолымда телефон, онда сенің номерің,
Жоюға қол бармайды, тексеріп жай көремін.
Сен менің қасымдасың, жүрегімнің ішінде,
Түр түсті қарайып аспанға қара күрсіне.
Аққан жұлдыз секілді бір сәтке көрініп,
Мәнін де түсінбедің тым қысқа өмірдің.
Тағдырдың жазғаны, амалы жоқ, не шара,
Сен едің тірегім маған болған пана.
Анашың ұмытпайды, егіліп жылауда,
Аналық үміттер соғылмай жатып құлауда.
Қимай сені жылап, жас таусылды көзімде,
Біз сені ұмытпаймыз, білесің өзің де.

Қ-сы: (x4)
Аққан жұлдыз секілді аспанды жарып өттің,
Тоқташы, бауырым, оралмасқа қайда кеттің?
Мен сені ұмытпаймын, сақтадым жүрегімде,
Түсіме енудесің менің күнде түнде.

Другие названия этого текста
  • BaGi - Ерболат бауырымызға (0)
  • BaGi - Ерболат бауырымызға | vk.com/shako_kz (0)
  • БАГИ - Ерболат бауырымызға (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-