Тамырымды жүректің қос ішектей мұңға толы күйді тек шерткен өзің. Табиғат бейнелеп сені шын суреттей, Түнге тұйық теңелед(і) сенің көзің. Айтқан сөзің әлі есімде, Сөз сүйектен өтеді ғой білесің бе? Бермудтың адасып біз жүйесінде, Батып барамыз сезім кемесінде.. Жылдар жылжып, уақыт тез өтуде, Көздерім бір қуанышты күтуде. Алдап кетші оны бір-бір көрініп, Жанымды жеген мұң қалсын төгіліп. Екінші жылдың жаңасы сенсіз келді, Ештеме шықпас бізден - бұл бір белгі. Қалайын өткеніңде мен шаң басып, Келіп жүрме кейін бір адасып..
қ-сы: Шырайлы Шымқаланың қыс келді ауасына, Қарап жүрші өзіңе, жаным, тоңып қаласың ба? Өзіңді жек көрсем де, сені ойлап уайымдаймын, Еркелігі басылмаған, мен үшін баласың да..