Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Жаралы жүрек | Текст песни

Жаралы жүрек

Бұл оқиға болған еді, ашып айтсам, көктемде,
Өмірімнен сыр шертіп, оралайын өткенге.
Қараңғы кеште бір өзіңді күткенде,
Күте-күте өзіңді, шыдамым да біткенде.
Хабарласып үйіңе, шығып кетті деді сені,
Қайда жүрсің екен деген сұрақ мазалады мені.
Түр-түрлі ойлар келіп, тарылды іштің демі,
Жол-жөнекей көрдім бауырыммен сені.

Қ-сы:
Махаббат – ойыншық емес, ойнамашы онымен,
Жүрегім сыздамашы, қинамашы мені сен.

Түк білмегенсіп жағдайды сұрасып жүре бердік,
Бір сағаттай қыдырып үйіңнің маңына келдік.
Екеумізбен қоштасып кіріп кеттің үйіңе,
Жан жолдас бауырыммен мен де қайттым үйіме.
Үй табалдырығын аттап кірген сәтім сол еді,
Телефонды көтерсем, салқын дауыс сөйледі.
Салқын дауы иесі – менің жалғыз сүйіктім,
Оның көңіл-күйінен бір түсініксіз күйді ұқтым.
Айтқысы келді маған, айта алмады ол сөзін,
Қайта-қайта қозғады меніменен ол өзін.
Әңгімеден әңгіме, ол асып бара жатты,
Қорытынды қойған нүктесі жүрекке ауыр батты.
Телефонға қарасам, SMS келіп қапты,
Сол SMS мәңгіге сезім есігін жапты.
“Біз бірге бола алмаймыз – мен өзгені сүйемін,
Кешірші, жағдайымды түсін...”

Қ-сы:
Махаббат – ойыншық емес, ойнамашы онымен,
Жүрегім сыздамашы, қинамашы мені сен.

Жүрегіме менің қанжар қадалғандай күй кештім,
Махаббаттан ойлар қалды, енді ешкімді сүймеспін.
Ұмыттым мен өзіңді, бірақ оңай болмады,
Сенің осы шешіміңе көңілім де толмады.
Жан жолдас бауырымнан мұндай тірлік күтпедім,
Екеуін бірге көргенде көздеріме сенбедім.
Дос деп сенген адамым, жексұрын-ау, сен ба едің,
Құтты болсын ендеше, қарсыласым, жеңгенің.
Дауламайды жүрегім сол күндерді ұмытуға,
Сенің суреттерің жүрегімді менің жылытуда.
Сол бір сәттер, шіркін-ай, қайта оралса деймін,
Арадағы сезімнің біткеніне мен сенбеймін.
Кеше ғана екеуміз жүрген едік бірігіп,
Екеуміздің махаббат қалды жолда сүрініп.
Мен ойлаппын, сүйіктім, боламыз деп мәңгілік,
Махаббатта қосылмайсың – өмірдегі заңдылық.

Қ-сы:
Махаббат – ойыншық емес, ойнамашы онымен,
Жүрегім сыздамашы, қинамашы мені сен.

Другие названия этого текста
  • BaGi - Жаралы жүрек (0)
  • Ernur - Жаралы жүрек (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Тауекел Мусилим - Жаралы журек Тауекел Мусилим - Жаралы журек
    Сiздердiң назарларыңызға Тәуекел Мүсiлiмнiң "Жаралы жүрек" атты әнiне түсiрiлген бейнебаянды усынамыз Предлагаем вашему ...
  • Гашык журек 2 или коктейль для звезды - Трейлер Гашык журек 2 или коктейль для звезды - Трейлер
    Фильм «Ғашық жүрек-2» или «Коктейль для звезды» - это сиквел нашумевшей картины «Ғашық жүрек или коктейль для звезды».
  • KuKa 7122 - Жараланды журегим (HD) .mp4 KuKa 7122 - Жараланды журегим (HD) .mp4
    Play next; Play now. Azat feat BaGi and BALLER-5-кундiк жалган.MP4 - Duration : 2:56. by Baller ...
  • классно поет мазаламайын классно поет мазаламайын
    Show less. All Comments (5). Share your thoughts Opening... Top comments. Top comments ...
  • Асанов Адлет [Mc. Avior] - Тусинши анимен,Жуалы ауданында. Асанов Адлет [Mc. Avior] - Тусинши анимен,Жуалы ауданында.
    Play next; Play now. Асанов Адлет Жана ХИТ - Жаралы журек әнінің шығуы, K.a.l.a[productions] - Duration: 2:11. by Kala ...
  • Кайрат Нуртас Умытар емеспiн Кайрат Нуртас Умытар емеспiн
    BaGi feat BALLER Тыныш тыныш бул журектын ауенi - Duration: 3:26. by ... Кайрат Нуртас - Жаралы жаннын ани бул ...