Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Жұмбақ жан | Текст песни

Жұмбақ жан

Өлшеулі уақыт менде, көре алмаймын күнде,
Елестеп бейнең түнде жүргендеймін мен бірге.
Мүмкін, бұл – менің түсім, белгісіз жан-ау, кімсің?
Өмірің – жұмбақ маған, ол сұлу қайдан білсін?
Қасыңа бара алмаймын, алыстан қарайлаймын,
Көргенше уақыт санап мен өзімді алдаймын.

Қ-сы:
Ол қыздың көздерінде күн көзі ұялаған,
Тағдырымыз тоғысып қуаныш сыйла маған.
Ол қыздың махаббаты тап-таза мөлдір судан,
Ажарлы бейнесіне қараумен көздер талған.

Жолықтырды ғой тағдыр, бақытымды сен жандыр,
Өміріме сән беріп мені есімнен тандыр.
Қоймашы нүктелерді, менің кезегім келді,
Сендіремін сезімге, алыстама, безінбе.
Ұмытыпсың сүюді, мен саған үйретемін,
Махаббат – биік шың ғой, мен оны күйретемін.

Қ-сы: (x2)
Ол қыздың көздерінде күн көзі ұялаған,
Тағдырымыз тоғысып қуаныш сыйла маған.
Ол қыздың махаббаты тап-таза мөлдір судан,
Ажарлы бейнесіне қараумен көздер талған.

BaGi еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 1