Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Жулдыз | Текст песни

Сұлулығың сырттай, іштей қандай болғаның,
Суреттеріңді ақтарып, мен терең-терең ойладым.
Көздері үп-үлкен, тән-денесі жалаңаш,
Жетіспейді адамдар, жетпей жатыр лүпіл аз.
Екі ойы инстаграм, қаптап онда мың адам,
Жігіттерге дауа жоқ, азғыруда жын-шайтан.
Адам болмайды-ау, қайдам,
Салбырап түскен айдан.
Бұл қыздар сөзге келмейді,
Жай әңгіме, жай-жайдан.
Түн батты, қалталы тіл қатты,
- Қайдасың, кездесейік, сені сағындым қатты,
Екеуміз аз ішейік, жай-жай аздап ішейік,
Бүгінгі күннен естелік, инстаға түсейік.

Ары қарай шейк шейк шейк,
Махаббаты фейк фейк фейк.
Жиналуда лайк лайк лайк.
Көз тимесін тфәй тфәй тфәй.

Қ-сы:
Жұлдыз жұлдыз жұлдыз жұлдыз-ай,
Еріп саған бұзылуда мың қыз-ай.
Жұлдыз деген болушы еді аспанда,
Қойыңдар, мұндай əдетті тастаңдар!

Ауырып тұр ғой басың,
Қиылып екі қасың,
Түнімен ішкеннен соң ауырады, Құрдасым, басың.
Шешіп жаймен сырғасын,
Макияжын жуғасын,
Таңғы асқа шегіп алды,
Кішкене бір жұқасын.
Әдемі түлкі қыз,
Ермекке күлкі қыз.
Мүлде уақыты жоқ,
Шаруалары да тып-тығыз.
Бір сәтте аяқ асты,
Жігіті хабарласты.
Сұлудың жігіті - әкесінің әкесімен жасты.
- Мен сені ап кетейін,
Баяғы қара гелен.
Атаған сыйлығым бар,
Айфоныңды ап берейін.
Күнім, еркелетейін,
Арта түссін мерейің.
10-15 минутта үй жағыңа мен келейін.

Ары қарай шейк шейк шейк,
Махаббаты фейк фейк фейк.
Жиналуда лайк лайк лайк,
Көз тимесін тфәй тфәй тфәй.

Қ-сы:
Жұлдыз жұлдыз жұлдыз жұлдыз-ай,
Еріп саған бұзылуда мың қыз-ай.
Жұлдыз деген болушы еді аспанда,
Қойыңдар, мұндай əдетті тастаңдар!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-